САНДЫБАЕВ ЕРНАР АСҚАРҰЛЫ

САНДЫБАЕВ ЕРНАР АСҚАРҰЛЫ

Туған күні – 03.08.1983 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бітірген жылы – 2004 ж.,

Мамандығы – Құқықтану, Заңгер.

2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті, бітірген жылы – 2018 ж.,

Мамандығы – Электр энергетикасы.

Аффилирленген компаниялардағы иелігінде бар акциялардың саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

20.09.2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «АлЭС» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі
01.2023 – 19.09.2023 жж.– «АлЭС» АҚ Шаруашылық басқармасының бастығы
07.2022 – 01.2023 жж. – «АлЭС» АҚ Ұйымдастыруды сүйемелдеу басқармасының бастығы
11.2020 – 05.2022 жж. – Алматы қаласы, Энерготиімділік және Инфрақұрылымдық даму басқармасының «Алматы Су» МКК атқарушы директоры
12.2019 – 11.2020 жж. – Алматы қаласы, Энерготиімділік және Инфрақұрылымдық даму басқармасының «Алматы Су» МКК аппарат басшысы
12.2017 – 12.2019 жж. – «МАЭК-ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ЖШС Бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры
02.2017 – 12.2017 жж. – «МАЭК-ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ЖШС Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры
09.2016 – 02.2017 жж. – «МАЭК-ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ЖШС Материалдық-техникалық қамтамасыз ету директорының орынбасары
04.2016 – 09.2016 жж. – «МАЭК-ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ЖШС Әкімшілік-шаруашылық департаменті директорының орынбасары
08.2014 – 04.2016 жж. – «ОҚЭМ» АҚ Қауіпсіздік қызметі бөлімінің бастығы
09.2012 – 08.2014 жж. – Жеке бизнес құрылымдарындағы жұмыс
03.2007 – 05.2012 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық органындағы қызмет
12.2004 – 03.2007 ж.ж. – Қаржы полициясы органдарындағы қызмет, Алматы қаласы және Атырау облысы бойынша ЭСЖКД.

Марапаттары:

2011 ж. – «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» төсбелгісі
2011 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
2018 ж. – Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін
2018 ж. – Кәсіби еңбегі және кәсіпорынды дамытуға қосқан үлесі үшін «МАЭК-ке 50 жыл» мерейтойлық белгісі
2018 ж. – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалі
2021 ж. – «Үздік әлеуметтік әріптес» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы.

Қоғамдағы жауапты қызмет бағыттары:

Қоғам қызметінің келесі бағыттары бойынша жұмыстардың, құжат айналымы мен есептіліктің сапасына және уақтылы орындалуына басшылықты және бақылауды жүзеге асырады:

1) Қоғам Басқарма Төрағасына арналған талдамалық материалдар мен шолуларды, ақпараттық анықтамаларды дайындауды қамтамасыз ету. Қоғам Басқарма Төрағасының өкімдері, бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын бақылау. «АлЭС» АҚ-ның ақпараттық және имидждік саясатын іске асыруды үйлестіру. Компанияның веб-сайтын жүргізу жұмыстарына бақылау жасау.
2) Компанияның миссиясы мен құндылықтарын, ұзақ мерзімді даму жоспарларын ескере отырып, персоналмен жұмыс саласындағы саясатты құру, компанияның даму стратегиясын және оның басымдықтарын қалыптастыруға және айқындауға қатысу. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, Қоғамның Ұжымдық шартын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз ету.
3) Тартылған қызметкерлердің деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлердің дамуын және уәждемесін басқару. Персонал шығындарын басқару, тиімді HR процестерін құру, Компания ішіндегі жұмыс пен өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдану.
4) Компаниядағы әлеуметтік процестерді басқару, ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау бойынша жұмыстар жүргізу, еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге қатысу.
5) Әкімшілік-шаруашылық қызметті басқару.
6) Ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге маркетингтік зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету.
7) Департаменттердің сметалық құжаттамасын (оның ішінде ұзақ мерзімді перспективаға) бақылауды қамтамасыз ету, келісімдеу, бекіту және іске асыру.
8) Уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу. Қоғам қызметкерлерін басқару, маркетинг, әкімшілік-шаруашылық қызметін басқару мәселелері бойынша ақпаратты уақтылы жинауды, талдауды, қалыптастыруды және уәкілетті және мемлекеттік органдарға ұсынуды бақылау. Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік және уәкілетті органдар, заңды және жеке тұлғалар алдында Қоғамның мүдделерін қорғау.
9) Қызметкерлерді басқару және дамыту. Қоғамның ішкі рәсімдері шеңберінде есеп беретін бөлімшелер қызметінің түйінді көрсеткіштерін, Қоғам дамуының саясаттарын, ережелері мен стратегиялық басымдықтарын қалыптастыру және коммуникациялауды жүзеге асыру, өз лауазымы мен жетекшілік ететін бөлімшелердегі түйінді лауазымдар үшін мұрагерлерді даярлау, қызметкерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру және оқыту, бағыныстылардың уәждемесі мен еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өнімді жұмыс ахуалын құру.

Келесі басқармаларға жетекшілік етіп, жұмыстарын қадағалайды:

  • Адам ресурстары басқармасы;
  • Ұйымдастыруды сүйемелдеу басқармасы;
  • Бағалар маркетингі басқармасы;
  • Шаруашылық басқармасы.

Өндірістік департаменттерде жүзеге асырылатын әкімшілік, кадрлық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты міндеттер мен функциялар шеңберінде Қоғамның өндірістік департаменттерінің директорлары Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директордың функционалдық бағынысына жатады.