«Алматы электр станциялары» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) еліміздегі ең ірі энергия өндіруші компаниялардың бірі бола отырып, ел экономикасына, қоршаған ортаға және қоғамға әсер етудің маңыздылығын түсінеді.
Бизнестің ұзақ мерзім бойы табысты болуы қатысу аймағында және жалпы елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынас, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты.
Компания әлеуметтік жауапты компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде жүзеге асырады. Осы процесс аясында өңірлердің коммерциялық емес ұйымдарына әлеуметтік көмек алу және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін «SK-Trust» КҚ-ға өтінімдерді беруге жәрдемдесу көрсетіледі.
Қайырымдылық көмек алу үшін қарауға өтінімдерді қабылдау https://sk-trust.kz/ сайтында, Қағидаларға сәйкес, жүзеге асырылады.