Оқиға орнындағы диалог: АДБ өкілдері А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО маңында тұратын тұрғындармен кездесті
Артқа
08.07.2025

Оқиға орнындағы диалог: АДБ өкілдері А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО маңында тұратын тұрғындармен кездесті

Азия Даму Банкінің (АДБ) Есептілік Механизмін іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 3 шілдеде АДБ Директорлар кеңесінің мүшелері мен Банктің жұмыс тобының қатысуымен«Алматы 2-ЖЭО-сын жаңғырту» жобасының құрылыс алаңына жақын орналасқан «Энергоқұрылысшы», «Жылуэнергетик», «Бастау-Нұрқа» бау-бақша серіктестіктерінің, сондай-ақ 13-шішағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесуге «АлЭС» АҚ тарапынан Жоба бойынша шағымдарды қарау механизмін іске асыруға жауапты қызметкерлер қатысты. Іс-шараның мақсаты – жобаның ықпал ету аймағында тұратын жергілікті тұрғындар үшін кері байланыс арналарының қолжетімділігіне қатысты мәселелерді талқылау болды.

Халықпен кездесу алдында АДБ өкілдері тұрғындардың өмір сүру жағдайларына қатысты көшпелі мониторинг жүргізіп, қолданыстағы өтініш беру арналары туралы олардың хабардарлық деңгейін, сондай-ақ Жобаның тапсырыс берушісі мен Мердігерімен өзара әрекеттесу тетіктерінің қолжетімділігін талқылады.

Түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Тұрғындарға шағымдар мен ұсыныстар жолдаудың қолданыстағы мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ ресми сайттары;
  • тәуелсіз оператордың жедел желісі;
  • «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының блогы;
  • компанияның Омбудсменіне жүгіну арналары;
  • құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде орнатылған арнайы өтініш жәшіктері.

«Алматы 2-ЖЭО-сын жаңғырту» жобасы халықаралық стандарттар мен орнықты даму қағидаттарына сай жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру барысында ашықтық пен жергілікті қоғамдастықтың қатысуы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Есептілік механизмі – тұрғындардан бастап ірі қаржы ұйымдарының өкілдеріне дейін әр тараптың пікірін жеткізуге мүмкіндік беретін кері байланыс құралы ретінде қызмет атқарады.

– Ашық диалог пен өзара сенім жобаның барлық қатысушылары арасында орнықты дамуға және қоғам мен экология мүдделерін ескеретін шешімдер қабылдауға ықпал етеді деп сенеміз, – деп атап өтті АДБ жұмыс тобының өкілдері.

«АлЭС» АҚ қоғамды ақпараттандыру және барлық коммуникация арналарының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысын әлі де болса жалғастырады. Біз жаңғырту аясындағы әрбір қадамның түсінікті, ашық, әрі жоғары әлеуметтік жауапкершілік стандарттарына сай болуына ұмтыламыз.