Диалог арқылы сенімге: Омбудсмендер корпоративтік мәдениеттің нығайтылуын іске қалай асыруда
Артқа
22.04.2025

Диалог арқылы сенімге: Омбудсмендер корпоративтік мәдениеттің нығайтылуын іске қалай асыруда

Алматы облысында «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары Омбудсмендер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Аталған жиынға «АлЭС» АҚ Омбудсмені Әлия Ерсейітова қатысып, компания жұмыскерлерінің мүддесін қорғады және ашық диалог пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарына қолдау көрсетті.

Көшпелі отырыс аясында қатысушылар «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындарында: өңірдегі гидроөндірудің маңызды нысаны болып табылатын Мойнақ ГЭС-інде; Оңтүстік Қазақстанның электр тарату желілерінің жетекші операторы – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да (АЖК); сондай-ақ электр энергиясын магистральдық тарату үшін жауапты «KEGOC» АҚ-ның Алматы МЭС-інде болды.

Омбудсмендер электр энергиясын өндіру мен таратудың негізгі кезеңдерімен танысып, персоналмен жұмыс кездесулерін өткізді; ішкі корпоративтік ахуалдың, қауіпсіздік пен еңбек жағдайларының маңызды мәселелерін талқылады.

Омбудсмендер өндірістік кездесулерден басқа «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары үшін ұйымдастырылған Ішкі коммуникациялар және сатып алу қызметі жөніндегі форумға қатысты.

Форумда келесідей:

– еңбек ұжымдарындағы кәсіптік мінез-құлық және корпоративтік мәдениет;
– сатып алу процестерінің ашықтығы мен әдептілігі;
– мемлекеттік басымдықтар шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау сияқты өзекті тақырыптар көтерілді.

Омбудсменнің жұмыскерлер мен басшылық арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі, сондай-ақ компаниялардағы жанжалдардың алдын алу және өзара түсіністікті нығайту құралы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

«АлЭС» АҚ-ның осындай іс-шараларға қатысуы компанияның ашықтыққа, орнықты дамуға және өз жұмыскерлеріне қамқорлық көрсетуге қатысты құндылықтарына деген адалдығын көрсетеді. «АлЭС» АҚ өкілі Әлия Ерсейітова ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен Мойнақ ГЭС-інен және «АЖК» АҚ-дан келген әріптестерінің ашықтығын атап өтті.

– Мұндай көшпелі кездесулер тек тәжірибе алмасу үшін ғана емес, «Самұрық-Қазына» тобы аясындағы жауапкершілік пен құрметтің ортақ мәдениетін нығайту үшін де маңызды. Біз әр қызметкердің өзін үніне құлақ асылатынын және қорғалғанын сезінетіндей орта құруға ұмтылудамыз», – деп баса айтты ол.

«АлЭС» АҚ адамға бағдарланған және әдепті корпоративтік ортаны қалыптастыруға үлес қоса отырып, Омбудсмендер кеңесінің жұмысына қатысуды жалғастырады.