Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО: қызметкерлер үшін ашық диалог пен жаңа мүмкіндіктер
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да өткен жиналыс жай ғана жұмыс шарасы емес, одан да маңызды оқиға болды. Бұл әр қызметкер өзін бір ұжымның мүшесі ретінде сезінген, басшылықтың ашықтығын көріп, әрқайсысына қатысты жоспарлармен танысқан кездесу болды.

Станция директоры Карим Сартаев жұмыс барысын қалай ұйымдастырмақ ниетте екенін айтып өтті. Оның сөздерінен нық сенім мен станцияда еңбек ететін адамдардың қажеттіліктерін терең түсіну аңғарылды. Ол басым бағыттарды атап көрсетті: өндірісті дамыту, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығына көңіл бөлу, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға назар аудару. Нақты шаралардың ішінде Ұжымдық шартта жұмысшылардың еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсартуға, заманауи жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге, спорт алаңдарын абаттандыруға бағытталған өзгерістер бар. Бүгінде іске асырылған шаралар: персоналға тегін тамақ беру, ауыз су бұрқақтары мен биодәретханалар орнату. Бұл жасалған қадамдар жұмыс күндерін әлдеқайда ыңғайлы әрі жайлы етеді.
Қызметкерлер басшылықтың ашық форматтағы пікір алмасуын және айтылған нақты шараларды оң бағалады. РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері Әділбек Жәнібеков өз пікірін былай білдірді:
– Жиналыс ұнады, бәрі нақты және мазмұнды болды. Жаңа директор жақсы әсер қалдырды – не керек екенін білетіні көрініп тұр. Ұжымдық шартта пайдалы тармақтар көп, тұрғын үй және отбасыларды қолдау мәселелері де қарастырылған. Кездесуден кейін көңілім орнықты, мұнда жұмыс істеп жүргеніме қуаныштымын.
Электр машиналарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Айнұр Иембердиева да өз пікірін білдірді:
– Әсіресе тұрғын үй бағдарламасы туралы жаңалықтар қуантты. Тегін тамақтану бізде екінші ай жүріп жатыр бұл біз үшін үлкен көмек. Биодәретханалар мен ауыз су бұрқақтары қойылды – ұсақ-түйек болса да, көңілге жағымды. Осы кездесуден кейін біз шынымен де жақсы компанияда екенімізді сезіндім.
Автокөлік учаскесінің бастығы Дастан Балабаев жиналыстың жоғары деңгейде өткенін айтты:
– Жаңа директормен таныстық, істерді талқыладық. Компания үшін жақсы жаңалықтар бар – жаңа техника мен көліктер алынды, ал кей бөлімшелерде жиһаздар жаңартылды. Компанияның адамдарға да инвестиция салып жатқаны көрініп тұр. Барлығымыздың көңіліміз көтерілді – біздің дұрыс бағытта бара жатқанымызға сенімдіміз.

Кездесу 1-ЖЭО ұжымы мен станция басшылығының өндірісті дамытуға, жұмыс орнын қауіпсіз әрі жайлы етуге және қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге бірге ұмтылатынын көрсетті. Болашақта осындай жиналыстарды тұрақты түрде өткізіп, қызметкерлерге жаңа жаңалықтар туралы хабарлап, олардың пікірін тыңдау жоспарланып отыр.