Компанияның жобалары мен бастамаларының сипаттамасы

«Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ны жаңғырту»

Негізгі отыны: табиғи газ

Іске асыру мерзімі: 2022-2026 жж.

ТЭН-ге сәйкес белгіленген қуаты: электрлік – 557 МВт; жылыту – 957 Гкал/ч.

Сыртқы аудитор туралы ақпарат

Сыртқы әлеуметтік жобаларға қатысу

Бизнестің ұзақ мерзім бойы табысты болуы қатысу аймағында және жалпы елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынас, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты.

 

Компания әлеуметтік жауапты компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде жүзеге асырады. Осы процесс аясында өңірлердің коммерциялық емес ұйымдарына әлеуметтік көмек алу және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін «SK-Trust» КҚ-ға өтінімдерді беруге жәрдемдесу көрсетіледі.

 

Қайырымдылық көмек алу үшін қарауға өтінімдерді қабылдау https://sk-trust.kz/ сайтында, Қағидаларға сәйкес, жүзеге асырылады.

«Алматы электр станциялары» АҚ тұрақты даму жүйесі

«Алматы электр станциялары» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) еліміздегі ең ірі энергия өндіруші компаниялардың бірі бола отырып, ел экономикасына, қоршаған ортаға және қоғамға әсер етудің маңыздылығын түсінеді.

«АлЭС» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі

Компания оның қаржылық тұрақтылығы мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды уақтылы анықтауға, бағалауға, бақылауға және азайтуға бағытталған корпоративтік басқарудың негізгі элементі ретінде тәуекелдерді басқару жүйесі мен рәсімдерін әзірлеудің маңыздылығын мойындайды.

Тәуекелге бағытталған басқаруды ұйымдастыру, сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістерге уақтылы ден қою, сондай-ақ тәуекелдер туындаған кезде ықтимал шығындарды азайту мақсатында Қоғам тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді: жауапты құрылымдық бөлімшелердің тәуекелді үйлестірушілері. тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша Тәуекелдерді басқару жөніндегі мәселелерді алдын ала қарау және бекіту үшін Тәуекел комитеті тағайындалды, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептер тоқсан сайын жасалады, тәуекелдерді басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттар жаңартылып отырады.