«Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ны жаңғырту»

«Алматы 2-ЖЭО-ны қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы аясында табиғи газ станцияның негізгі отыны ретінде белгіленді. Жоба 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылып жатыр және Алматы қаласының атмосферасына зиянды заттардың шығарындыларын азайтумен қатар сенімді әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Жоба қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосуды қамтиды:
– 2025 жылғы желтоқсанда төрт су жылыту қазандығын қамтитын іске қосу кешені іске қосылды;
– 2026 жылдың сәуірінде бу-газ қондырғысы бар 1 іске қосу кешені іске қосылды;
– 2026 жылғы маусымда құрамдастырылған газ турбиналық қондырғыларды қамтитын №2 іске қосу кешенін пайдалануға беру жоспарланған;
– 2026 жылдың қыркүйегінде №3 іске қосу кешенін пайдалануға берумен жобаны аяқтау көзделген.
Жобаның негізгі параметрлері:
– белгіленген қуат электр энергиясы бойынша 557 МВт және жылу энергиясы бойынша 957 Гкал/сағ құрайды;
– 2023 жылғы 30 мамырдағы EPC-келісімшартына сәйкес жобаның құны ҚҚС қосқанда 325,9 млрд теңгені құрайды.
Жобаны іске асырудың экологиялық тиімділігі:
– зиянды заттардың шығарындылары жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды;
– парниктік газдар шығарындылары жылына 4 млн тоннадан 2,5 млн тоннаға дейін азаяды.
Жобаның аумағында ең озық экологиялық технологиялар енгізілуде:
– үздіксіз экологиялық мониторинг жүйесі (CEMS);
– газ турбиналы қондырғыларға арналған шудан қорғайтын қаптамалар;
– сарқынды суларды тазартуға арналған тұйық су айналымы жүйелері.
Жобаның іске асырылу барысы
Қаржыландыру:
Жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар «Алматы электр станциялары» АҚ-ның өз қаражаты мен халықаралық қаржы институттарынан тартылған қаражат есебінен жүргізілуде.
2022 жылғы қарашада Еуропалық қайта құру және даму банкімен қарыз шартына қол қойылды. 2023 жылғы маусымда Қазақстанның Даму банкімен кредит желісін ашу туралы келісім жасалды. Осы кезеңде Азия даму банкімен кредиттік келісімге қол қойылды.
Тартылған қаражат жобаның негізгі кезеңдерін жүзеге асыруға жұмсалуда, соның ішінде жабдықты жеткізу, құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізуге және заманауи технологияларды енгізу.
Жобаның мәртебесі
Жобалау-сметалық құжаттама
2024 жылғы қыркүйекте жобаның түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне жалпы құны 388,9 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
2025 жылғы қазанда жалпы сомасы 348,9 млрд. теңгеге жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды.
Жабдық
2-ЖЭО-ны жаңғырту жобасы шеңберінде ЕРС-келісімшарты бойынша жетекші халықаралық өндірушілермен жабдықты жеткізуге шарттар жасалды.
- Газ турбиналары и генераторлар – Siemens Energy (Германия, АҚШ);
- Бу турбинасы – Dongfang Turbine Corporation LTD (Қытай);
- Қайта өндеуші қазандықтар – MHI Power Dongfang Boiler Corporation LTD (Қытай);
- Су жылыту қазандықтары – Wuxi Huaguang Environment & Energy Group CorporationLTD (Қытай).

Бу турбинасы

Газ турбинасы

Дейін Кейін
Негізгі жабдық толық көлемде жеткізілді. Үш газ турбинасы мен генераторлары нысанға жеткізіліп, 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін орнатылды. Бу турбинасы нысанға жеткізілді және оны орнатуға дайындық жүргізілуде.
Жабдықты жеткізудегі жалпы прогресс 97,3 пайызды құрайды. Негізгі жабдықты жеткізу 100 пайызға орындалды, қосалқы жабдықты жеткізу аяқталу сатысында.

Газ турбинасының корпусы
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
Құрылыс алаңында белсенді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша жобаны іске асырудың жалпы прогресі 84,3 пайызды құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу деңгейі 59,1 пайызға жетті.
Негізгі дайындық және инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталды, соның ішінде уақытша жолдар, әкімшілік және өндірістік ғимараттар, қоймалар мен алаңдағы тұрғын үйлер салынды. Қадалық жұмыстар дерлік толық аяқталды.
Басты корпусты, бу-газ қондырғысын, су жылыту қазандығын, тарату құрылғылары мен қосалқы жүйелерді қоса алғанда, негізгі өндірістік объектілер қазіргі уақытта белсенді құрылыс және жабдық орнату сатысында тұр.
Жобаның іске асырылуын бақылауды AFRY халықаралық техникалық консультанты жүзеге асырады. Авторлық қадағалауды «ҚазНИПИэнергопром» АҚ орындайды, техникалық қадағалауды «ГазСтройПроект» ЖШС жүзеге асырады.

2-ЖЭО құрылыс алаңының шағын үлгісі
Іске қосу-баптау жұмыстары және пайдалануға беру
Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық жүзеге асырылады. Жекелеген объектілер бойынша сынақтар басталды. Атап айтқанда, су жылыту қазандықтарына гидравликалық сынақтары жүргізіліп, ешқандай ақаусыз аяқталды.
Іске қосу-баптау жұмыстарының бағдарламасы қазіргі уақытта әзірленуде және оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар жиналуда. Жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін құжаттама өнеркәсіптік және мемлекеттік сараптамадан өту үшін ұсынылады.
Барлық жұмыстарды аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2026 жылғы 30 қыркүйекке жоспарланған.
Бақылау және мониторинг
Жобаны іске асыру мемлекеттік органдар мен жұртшылық тарапынан ұдайы бақылауда. Мониторингті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен «АлЭС» АҚ акционерлері жүзеге асырады.