АлЭС: мини-жаттығулар және жағымды бонустар
Артқа
04.10.2024

АлЭС: мини-жаттығулар және жағымды бонустар

Компанияда күзгі таң белсенді мини-жаттығулардан басталды. Бірақ бұл жай жаттығулар емес – бағдарламада гантельмен, секіргішпен және серпімді жаттығулармен жұмыс жасау кіреді. Жұмыс күнін бастаудың бұл тәсілі дене шынықтыруды жақсартуға, зейінді арттыруға және жағымды көңіл күймен толысуға ықпал етеді.

Жұмыскерлер таңертеңгі жаттығуларды орындауға жеткілікті орын бар залда жиналады. Кешен әртүрлі бұлшықет топтарымен жұмыс істеуге және қан айналымын жақсартуға мүмкіндік беретін күш пен кардио жүктемелерді қамтиды

– Маған мини-жаттығуларға қатысу және жағымды сыйлықтарға ие болу өте ұнады. Сондай-ақ, мен жұмыс күні бойына көңіл-күйімді көтердім, – деп бөлісті Ольга Кузьмина, Пайдалану қызметінің бас менеджері.

Шарттық-құқықтық жұмыс бөлімінің бас заң кеңесшісі Бекзада Тұрғанбаева ұжымдағы көңілді және жағымды атмосфераны аңғарды.

– Жұмысқа кіріспес бұрын, компанияның белсенді жұмыскерлерінің моральдық қолдауымен аздап жаттығулар орындап, күні бойы сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болдым. Ұйымдастырушыларға осындай тосынсыйлар мен жұмыскерлерге деген шынайы қарым-қатынас үшін көп рахмет, – деп жалғастырды Бекзада.

 

Мотивацияны қолдау және қуаныш элементін қосу үшін мини-жаттығуларға қатысқаны үшін жұмыскерлерге дәрумендер – алма мен лимон ұсынылды. Бұл шағын марапаттар жұмыскерлерді жаттығуларға қатысуды ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар командада жағымды өзара әрекеттесу атмосферасын орнатады.

Руслан Шойбек, Кадрлар бөлімінің бастығы, жұдырығында тұрып 50 рет тартылды, осы классикалық жаттығу көкірек бұлшық еттерін, иық пен қолды ширатады деп саналады. Оның пікірінше осындай тартылу жаттығулары шадымдылық пен жалпы физикалық форманы қалыпқа келтіреді.

Мини-жаттығулардың осындай форматы ұжымға қосымша энергия сыйлап, салауатты қауымдастық құруға ықпал етеді. Нәтижесінде барлық қатысушылардың көңіл – күйі көтеріліп, денсаулығы жақсара түседі, бұл жалпы ұжымдағы жұмыс тиімділігін арттырады!