Қызметкерлерді дайындау бөлімі
Кадр саясаты Компанияның кадрлық әлеуетін нығайтуға және сақтауға және персоналдың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған. Біз өз қызметкерлерімізде нәтижеге жетуге деген ұмтылысты, командада жұмыс істеуге дайын болуды және тиімділік дәрежесі бойынша еңбекті ынталандыруға маңызды мән бере отырып, жауапкершілікті өз мойнымызға алуды бағалаймыз.
«АлЭС» АҚ өз қызметкерлерінің кәсіби және жеке дамуы мен өсуіне, корпоративтік және басқарушылық құзыреттерінің деңгейін тұрақты арттыруға барлық жағдай жасайды.
Компания персоналын дамыту жүйесі персоналды даярлау бөлімі, «Энергожөндеу» ӨЖК оқу полигоны және сыртқы білім беру мекемелері базасында өндірістік қажеттіліктер мен стратегиялық мақсаттарға сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламаларын көздейді.

2024 жылы «АлЭС» АҚ бойынша барлығы: 2963 қызметкер оқудан өтті, оның ішінде: АРБ ҚДБ-да кәсіптік оқу бойынша – 1382 қызметкер, бөгде ұйымдарда біліктілігін арттыру бойынша – 1581 қызметкер, тілдік оқу бойынша – 84 қызметкер. Қызметкерлердің бір бөлігі «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту», «Өрт-техникалық минимум», «Терроризмге қарсы қорғаныс», «Еденнен басқарылатын ілмекші және кран операторы», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалануды жүзеге асыратын персонал (бу және ыстық су құбырлары, ыдыстар, бу және су жылыту қазандары)» қоса алғанда және т.б. бірнеше бағдарлама бойынша оқудан өтті. 2024 жылы оқудан өткендердің ішінде: 312 әйел және 2651 ер қызметкер.

Білікті кадрларға деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін «АлЭС» АҚ-да «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес негізгі энергетикалық жұмысшы кәсіптері бойынша және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру жүргізілуде. Қызметкерлерді дайындау бөлімінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2021 жылдың 21 мамырында № KZ52VEK00012000 5 жыл қолданылу мерзімімен берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына ие аттестаты бар.
Қызметкерлерді дайындау бөлімі оқу процесінде әзірленген және мемлекеттік тілге аударылған электр қауіпсіздігі, жалпы электр техникасы бойынша оқу құралдары пайдаланылады. Сондай-ақ, қызметкерлерді дайындау бөлімі сертификаттар бере отырып, негізгі энергетикалық тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Оқу орталығында даярлау өндірістің ерекшелігі мен қажеттілігін ескеретін мамандандырылған эксклюзивті бағдарламалар бойынша оқыту жүргізуге мүмкіндік береді. Оқытушылар болып – үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі және жоғары біліктілік деңгейі бар кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері атқарады. Мұндай мақсатты дайындық қызметкерлердің кәсібилігін және компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бағдарламаның мазмұны: 15 – өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша, 12 – жұмысшы лауазымдары бойынша, 16 – бiлiктiлiктi арттыру және жаңадан қабылданған қызметкерлер үшiн бейiмделу бойынша оқыту.

«Энергожөндеу» ӨЖК-да мамандандырылған Дәнекерлеу полигоны құрылды. Білікті мамандар қолмен доғалық дәнекерлеудің газ кескіштері мен электр дәнекерлеушілерін бастапқы оқытумен айналысады, сондай-ақ полигонда жыл сайынғы қайта аттестаттаудан өткізеді. 2024 жылы 185 газбен кесушіні, 107 дипломды дәнекерлеушіні қайта аттестаттау және 10 – электрмен дәнекерлеуші, 10 – газбен кесуші мамандықтары бойынша бастапқы оқыту жүргізілді. Жыл сайын электрмен дәнекерлеушілер және газбен кесушілер арасында мамандық бойынша үздік атаққа конкурс өткізіледі.


«АлЭС» АҚ «Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ-мен, «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК-мен, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті» КЕАҚ-мен, сондай-ақ «Universita degli Studi di Genova» (АЭжБУ-Генуя) келісімімен 2024 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:
– 2024 жылдың 14 қазанында «АлЭС» АҚ Қызметкерлерді дайындау бөлімінің базасында «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен» бірлесіп «Энергетика» кафедрасының филиалының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсім компания басшылары мен мамандарының, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» оқытушыларының қатысуымен өтті. Кафедра филиалы теориялық білімді өндірісте алған практикалық дағдылармен үйлестіретін дуалды оқыту қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. Осы модель бойынша оқитын студенттер энергетикалық процестердің ерекшеліктерін терең меңгеріп, мамандық талаптарына тез бейімделе алады.

– алтыншы жыл «АлЭС» АҚ және «Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ 2024 жылдың 3 маусымнан бастап 2024 жылдың 28 маусымына дейін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және АлЭС Қызметкерлерді дайындау бөлімінің базасында қосарлы жұмыс мамандығы бойынша: қазандық жабдығы бойынша қараушы-машинисі (11 студент), турбиналық жабдықтар бойынша қараушы-машинисі (11 студент) оқудан өтті. 2018 жылдан бастап қосарлы оқыту элементтерімен барлығы: 166 студент тәжірибеден өтті;

– «АлЭС» АҚ-да «Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ-ның, «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» КМҚК-ның, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ның, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ-ның, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті» КЕАҚ-ның, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ-ның, «Тұран» университетінің 127 студенті өндірістік тәжірибеден өтті.
– Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің, Сүлеймен Демирел атындағы университетінің, Қазақстан-Неміс университетінің, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті» КЕАҚ-ның, «Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалының оқушылары, студенттері мен оқытушылары үшін, «VostokCapital» және «АлматыЭнергоСбыт» қызметкерлері үшін 7 экскурсиялар (206 оқушылар мен оқытушылар) өткізілді.

Кадрлық резерв пен білікті мамандарды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен Алматы энергетика және байланыс университетінде, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінде бейіні бойынша жоғары және орта-техникалық білім алу бойынша оқыту жүргізіледі. 2007 жылдан бастап барлығы – 236 қызметкер, ал 2024 жылы – 9 қызметкер оқытылды.
2025 жылы Қызметкерлерді дайындау бөлімі жоғары және орта оқу орындарымен стратегиялық ынтымақтастықты белсенді дамытуды жалғастырады. Маңызды қадамдардың бірі «Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ базасында «Universita degli Studi di Genova» (Италия) бірлескен кафедрасының ашылуы болмақ. Бұл жоба студенттерге энергетика саласындағы технологиялар мен инновациялық шешімдерді терең зерделеу үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Кадрларды оқыту және дамыту Қызметкерлерді дайындау бөлімінің басты басымдықтары болып қала береді.