Жұмыскерлердің балаларына арналған интерактивті шеберлік сыныбы
Артқа
07.09.2024

Жұмыскерлердің балаларына арналған интерактивті шеберлік сыныбы

Жазғы демалыс маусымының нағыз қызған шағында «АлЭС» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының қызметкерлері «Эдельвейс» сауықтыру лагерінде компания жұмыскерлерінің балаларына арнап қауіпсіздік бойынша интерактивті шеберлік сыныбын өткізді.

Интерактивті шеберлік сыныбы – бұл қатысушылардың сабақ кезінде сарапшының тәжірибесін үйреніп, дағдыларына іс жүзінде пысықтау жүргізетін заманауи оқыту әдісі. Ең бастысы, мұндай формат балаларға олардың нағыз күтпеген, әртүрлі және өте маңызды сұрақтарды қойып, талқылауына мүмкіндік береді. Балалар осыны толығымен пайдаланып қалды.

– Балалармен қауіпсіздік қағидалары жөнінде әңгімелесіп, оларды талқылау өте маңызды, – деп есептейді «АлЭС» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова. – Біз жазғы лагерьге барар алдында өз әрекетімізді мұқият ойластырдық. Және балаларға қауіпсіздік туралы қалай айтуға болатынын: балалар кішкентай кезінен қауіпсіздік қағидаларының маңыздылығын ұғынып, түсінулері үшін түсіндіру және дәйектеу қажет деп шештік! Сондықтан біздің интерактивті шеберлік сыныбы балалар үшін өте қызықты және танымды болып өтті. Балалар бізді орасан зор білімдерімен таң қалдырды, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, қауіпсіздік белгілерінің барлық мағынасын білетіндіктерін көрсетті.

Айта кетерлігі, балалар лагерінде жаз бойы «АлЭС» АҚ жұмыскерлерінің 250-ден астам балалары мен немерелері демалды.

Қауіпсіздік бойынша балаларға арналған шеберлік сыныбы «АлЭС» АҚ жұмыскерлерінің еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі мәселелеріне тартылу деңгейін арттыру мақсатында өткізілді. Компанияның әр жұмыскері үйінде оның жұмыстан аман-есен оралуын күтіп отырғанын әрдайым есінде ұстайды.