Жүрек үні: «АлЭС» АҚ жастары – зорлық-зомбылыққа қарсы
Артқа
31.07.2025

Жүрек үні: «АлЭС» АҚ жастары – зорлық-зомбылыққа қарсы

«АлЭС» АҚ-да бүгінде 3087 адам еңбек етеді. Әрқайсысының өз өмір жолы, отбасы, болашаққа деген қамқорлығы бар. Компания қызметкерлерінің 10 234 баласы бар. Олар біздің ең басты құндылығымыз, себебі біз бар өміріміз бен еңбегімізді солардың болашағына арнаймыз.Әр бала сүйіспеншілікте, құрметте және қауіпсіз ортада өсуге лайық. Осы ұстаныммен «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы «Жастар – зорлық-зомбылыққа қарсы» атты әлеуметтік бейнеролик түсіруді қолға алды.

Бұл жоба – жас энергетиктердің қоғамға жасаған шынайы үндеуі. Жоба адамдардың зорлық-зомбылық кезінде үнсіз қалмауға, бейжай қарамауға және немқұрайдылық танытпауға шақырады.

Инвестициялық бюджет және талдау басқармасының бас менеджері Иген Абдымомын – белсенді азаматтық көзқарасы бар кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар төрт баланың әкесі. Оның бұл бейнероликке қатысуы – жеке өмірімен де байланысты:

«Отбасындағы зорлық-зомбылық көзге жиі көріне бермейді. Ол сырттай бәрі жақсы көрінетін жағдайлардың артында, үнсіздік пен қорқыныштың ішінде жасырынып тұруы мүмкін. Түсірілім барысында мен өзіме жиі: «Біз өзгенің қайғысын қаншалықты жиі елемей өтеміз?», «Біз неге кейде: «Бұл – менің шаруам емес» деп ойлаймыз?» – деген сұрақ қойдым. Бірақ немқұрайлылық – бұл ең қауіпті нәрсе. Біз көруді, естуді, түсінуді және қорықпай адамгершілікпенсөйлеуді үйренуіміз керек. Сонда ғана шынайы өзгеріс болуы мүмкін».

Игеннің сенімі бойынша, балаларды тәрбиелеу – бұл істерді тек сөзбен үйрету ғана емес, сонымен қатар өзіңнен басталатын іс-әрекет үлгісін көрсету. Құрмет пен жанашырлықты, әлсіздерді қорғауды үйрету – бұл ең басты міндеттің бірі.

Жұмыстар және қызметтер басқармасының бас маманыБикенсұлу Мамраеваосы жобаға белсенді қатысқан қызметкерлердің бірі. Ол – Ана, әрі «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының мүшесі ретінде бұл тақырып оның жүрегіне ерекше жақын.

– Отбасылық зорлық-зомбылық – ең ауыр тақырыптардың бірі. Бұл мәселе үнсіз қалмауы тиіс. Бүгінгі жастарымыздың осы проблеманы ашық, батылдықпен және жанашырлықпен көтеруіне қуаныштымын. Біз бұл жерде тек сөйлеп қана қоймай, әрекет жасап жатырмыз.

«Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы» атты бейнеролигі жай ғана бейне емес. Бұл қоғамдық ұстаным. Бұл диалогқа жасалған қадам. Бұл қиын жағдайға тап болғандарға қолдау. Бұл үй – қорқыныш орны емес, сүйіспеншілік кеңістігі болып табылатын қоғамға деген үміт.

«АлЭС» АҚ өз қызметкерлерін мақтан тұтады: олар компанияның дамуына үлес қосып, саналы болашақты бірге қалыптастыруда. Себебі энергия – бұл тек мегаватттың қуаты ғана емес. Бұл – жүректен шығатын күш. Қорғай алатын энергия. Біріктіре алатын энергия.

Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=VZ5KO14KcBc