ЖЭО – жаңғырту жобасына қоғамдық мониторинг
Алматы қаласының мониторингтік тобы «АлЭС» АҚ-да болып, «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО жаңғырту» инвестициялық жобасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Аталған іс-шара 2024 жылдың 1 тамызында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өтті. Топқа Қоғамдық кеңес мүшелері, құрылыс, жер қатынастары, урбанистика және сумен жабдықтау жөніндегі №2 құрылыс комиссияның төрағасы Гүлмира Байгабулова бастаған сарапшылар, мәслихат депутаты, қала белсенділері кірді.
Мониторингтік тобы құрылыс алаңымен тікелей сол жерде танысып, қарып, Тапсырыс берушінің инженерімен, «АлЭС» АҚ, мердігер ұйымның өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алды. Қала жұртшылығының өкілдері жобаның іске асырылу барысына, құрылымына және аяқталу мерзіміне, ЕРС мердігердің тәжірибесіне қызығушылық танытып, жоба қатысушыларына сұрақтар қойды. 2-ЖЭО алаңында барлық тараптардың өзара ашық және сындарлы пікір алмасуы өтті.
«Бүгін мен өз ісінің мамандарымен танысып, жұмыстарын көргеніме қуаныштымын», – деді Г.Байгабулова ханым. – Мен олардың көпшілігімен жұмыс істедім. Біз қоғам өкілдері ретінде, мәслихат депутаты Тимур Елеусизовпен бірге «АлЭС» АҚ-на ұйымдастырылған кездесу үшін алғысымызды айтамыз. Жалпы күш-жігерді біріктіріп, алға қойған мақсаттарға қол жеткізетінімізге және қаламыздың ауасын белгіленген мерзімде тазартылатынына сенімдімін».
Алматы 2-ЖЭО жаңғырту зиянды заттардың шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл ретте энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігі қамтамасыз етіледі.