Жеңіске бағыт: АлЭС мінезі бар киберспорт
Артқа
12.04.2026

Жеңіске бағыт: АлЭС мінезі бар киберспорт

Заманауи энергетика – бұл тек қуатты турбиналар мен өндірістік үдерістер ғана емес, сонымен қатар ойлау жылдамдығы, реакция және командада жұмыс істей білу қабілеті. Дәл осы қасиеттер «АлЭС» АҚ Спартакиадасы аясында өткен киберспорт жарыстарында айқын көрініс тапты.

Турнирге әртүрлі өндірістік департаменттердің 30 жұмыскерін біріктірген 6 команда қатысты.

АлЭС үшін киберспорт – бұл тек жаңа бағыт қана емес, жеңістермен дәлелденген қалыптасқан тәжірибе де. Команда өткен жылы «Самұрық-Энерго» Спартакиадасында 1-орынды иеленсе, одан бір жыл бұрын «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында да 1-орынға қол жеткізген болатын. Бұл жетістіктер жоғары стандарт қалыптастырып, биылғы турнир қатысушылары үшін үлкен уәждемеге айналды.

Алғашқы кездесулерден-ақ мұнда жай әуесқойлар емес, шалт қимылды, стратегиялық түрде ойлай білетін және жоғары деңгейдегі белсенділігі бар қатысушылардың жиналғаны байқалды. Әр шешім әп-сәтте қабылданып, жеңіске жету бір-бірін есту, тез арада бейімделу мен біртұтас әрекет ету қабілетіне байланысты болды.

– Киберспорт – бұл командалық жұмыс қой. Біреу мықты ойыншы болып табылатын да шығар, бірақ команданың қолдауынсыз жеңіске қол жеткізу мүмкін емес нәрсе, – дейді 3-ЖЭО инженері Глеб Костюнин.

«Мұндай жарыстар бізге өзімізді жаңа қырымыздан ашуымызға мүмкіндік береді. Біз жұмыс уақытында бір-бірімізді бір рөлде көретін болсақ, бұл жерде мүлде басқа қырымыздан таниды екенбіз; осының өзі бізді одан әрі біріктіре түседі», – деп жалғастырды сөзін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ЖАжӨЦ электр слесарі Манас Кенжеболат.

– Мұнда да, энергетикадағы сияқты, әрекеттерді алдын ала есептей білу маңызды. Бір адамның қателігі бүкіл команда үшін қауіп төндіруі мүмкін, – деп атап өтті Жабдықтар мен материалдарды жиынтықтау басқармасының бас менеджері Абылайхан Ақтаң.

Турнирдің виртуалды форматта өткеніне қарамастан, оның атмосферасы шынайы көңіл-күйге толы болды: жеңіс үшін қуану, әріптестердің қолдауы, нәтижеге деген алаңдаушылық сезімі айқын байқалды. Әр ойынның артында тек бәсеке ғана емес, сонымен қатар бір-біріне деген сенім, қолдау және өз командасы үшін ең үздік нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылыс тұрды.

АлЭС Спартакиадасындағы киберспорт компания ұжымының өндірістік міндеттерден бастап цифрлық жарыстарға дейінгі кез келген форматтағы жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын біртұтас команда екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.