Жасыл Наурыз: Батыс жылу кешені жұмыскерлерінің аумақты көгалдандыруы
Наурыз мерекесі – көктемгі жаңару және табиғатпен бірлесу мерекесі аясында Батыс жылу кешенінің (БЖК) жұмыскерлері туған жерлеріне ерекше сыйлық жасады: 30 жас ағаш отырғызды. Тату командамен егілген терек, қарағаш, шие және өрік экологияға деген қамқорлықтың символы ғана емес, болашақ ұрпақ үшін тірі мұраға айналды.
Адам мен табиғат үйлесімін бейнелейтін Наурыз БЖК ұжымын игі іске шабыттандырды. «Ағаш егу – тіпті біздің немерелерімізді де қуантатын із қалдыру дегенді білдіреді», – деп атап өтті науқанға қатысқан кешен директоры Мұрат Тусупов. Онымен бірге электр цехтың, химиялық қызметтің жұмыскерлері және басқалар да қолдарына күрек алды. «Технологиялармен күнделікті жұмыс істейміз, бірақ бүгін тірі және шынайы нәрсе жасаған аса жағымды болды», – деп бөлісті зертханашылар Юлия Баянова мен Ирина Гасанова.
БЖК аумағында егілген 10 терек пен 10 қарағаш өз жұмыстарын кірісті:
– таза ауа үшін күрес: алып ағаштар, оттегін шығара отырып, шаң мен зиянды шығарындыларды жұтады. Қала үшін бұл нағыз «жасыл қорғаныс».
– көлеңке мен қоңыр салқын: қарағаш, өзінің шашыраңқы тәжінің арқасында, жазға қарай, түскі үзілістерде қызметкерлер демалуына мүмкіндік беретін, көлеңкелі саяжолдар жасайды.
– армандағы жеміс бағы: 5 шие мен 5 өрік бірнеше жылдан кейін тәтті жемістер сыйлайды. «Көктемде бұл ағаштардың қалай тамаша гілдейтінін елестетіңізші? Одан соң барлығымыз ұжым болып өнім жинаймыз!» – деп арманымен бөлісе күлімсірейді БЖК электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр монтер, Диас Жиенкулов.
Науқан экологиялық ізді азайту бойынша БЖК стратегиясының бөлігі болды. «Көгалдандыру – бір реттік іс-шара емес, бұл философия. Біз өндіріс пен табиғатқа деген қамқорлық арасында тепе-теңдікті табуға үйренудеміз», – дейді БЖК шаруашылық меңгерушісі, Ілияс Кеңесбайұлы.
Ағаш егуге қатысқан жұмыскерлер – бұндай еңбек жақындастырады – деп мойындайды. «Ағаш отырғызған кезде, бұл әлемді жақсартып жатқаның сезіледі. Қазір біздің көшеттер кішкентай, бірақ олар біздің ұжыммен бірге қатаяды», – дейді қатысушылар.
Көктем мерекесі өтеді, ал ағаштар өнеркәсіптің жасыл аумағында да өмір шұратын жасау мүмкін екенін еске түсіретін болады. «Бұл жоба – болашаққа қосқан біздің үлесіміз. Жылдар өткен соң БЖК жұмыскерлері табиғатты бағалайтын жерде жұмыс істейтіндерін мақтан тұтады деп үміттенеміз», – деп түйіндеді директор.
Көшеттер күнге ұмтылып жатқанда, Батыс Жылу Кешені прогресс пен экология қатар жүруі мүмкін екенін дәлелдеуді жалғастыруда. Ал Наурызнама-2025 БЖК үшін мәңгілікке мереке ғана емес, жаңа жасыл тарих тамыр жіберген жыл болып қала бермек.