Тарих жолдары: ШМЕЛЕВ Владимир Георгиевич, зейнеткер, «АлЭС» АҚ Бас инженерінің орынбасары
Мен, 1-ЖЭО-ға 1983 жылдың 3 желтоқсанында Электр жабдықтарын жөндеу бойынша 4-разрядты слесарі болып, Павлодар индустриялық институтын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасқанмын, онда мен «Электр станциялары» факультетінде оқыдым. Менің мамандығым – инженер-электрик. Мен осы мамандықты өздігімнен таңдамадым: менің атам – болат құю өнеркәсібі үшін арнайы балшық өндіретін кеніштің бас энергетигі болып жұмыс істеді. Сондықтан, мен бала кезімнен осы мамандыққа қызығушылық таныттым.
Мені Алматыға бөлу бойынша жіберді. Жоғары білімім болғанына қарамастан, мансабымды жұмысшы мамандығынан бастадым. Бұл сол кездегі стандартты тәжірибе болатын: жақсы маман болу үшін жұмысшыдан бастап инженерлік мамандық пен жетекшіге дейінгі барлық кезеңдерден өту керек болатын. Слесарь болып бастағаннан кейін мен практикалық тәжірибе алдым, ең бастысы – алған білімімді дұрыс пайдалануды үйрендім.
1-ЖЭО-дегі алғашқы жұмыс күнім әлі жақсы есімде: таңғысағат сегіз, қараңғы. Саяжолмен жүріп келемін, биік ағаштардыңүстінде көптеген қарғаларқарқылдапотырған. «Осы қарғалар қатты қарқылдай береді екен», – деп ойладым да, көп кешікпей осы «құрметсіздігім үшін» олардан жазамды ала бастадым: кенет үстіме әлдебір жерден ақ-лас және жабысқақ нәрселертүсе бастады.Терең дүрбелеңге түссем де, мен 1-ЖЭО Электр цехы бастығының кабинетіне жеттім, ол кезде цех бастығы Севастьянов Николай Михайлович болатын. «Ал, Сіз бізге осындай сәнді болып қайдан келдіңіз?», – деп ол ақырын сұрады. Есімді жиған соң, олар менен қандай «сәнді»киімді сұрап жатқанын түсіндім, себебі менің үстіме киген киімімніңбарлығы қарғалардың назарында болғандығын байқадым.
Менің алғашқы тәлімгерлерім ретінде Николай Михайлович болды деп есептеймін. Мен одан жоғары дәрежелі маман болуды үйрендім және оның керемет кәсіби мектебінен өттім.
Көп ұзамай мені жоғары вольтты жабдықтарды жөндеу шебері етіп ауыстырды, ал одан кейін мансабым сәтті қалыптаса бастады: электр цехының ауысым бастығы – станция ауысым бастығы – станция ауысымының аға бастығы – қазандық цехының бастығы – бас инженердің
орынбасары.
Мен үшін 1-ЖЭО-ға есімі берілген, аса көрнекті энергетик ОразбаевБірлік Есіркепұлы маңызды ұстаз болды. Сол кезде ол 1-ЖЭО бас инженері болған, ал мен көп ұзамай оның орынбасары болдым. Бұл кезеңде рационализаторлық қозғалыс өрлей бастады. Өндірушілер пайдаланылатын жабдықтың техникалық көрсеткіштерін жақсартып, оны пайдалану мен жөндеу жағдайын жеңілдетіп, өндірістік процестің сенімділігін арттырғысы келді. Өндірісшілердің барлық техникалық ұсыныстары кәсіпорынның Техникалық сараптамалық кеңестерінде қаралып отырды. Оның құрамына өндірістік цехтардың, өндірістік қызметтердің бастықтары, станцияның бас инженерлері кірді.
Менің еңбек жолымның басында 1-ЖЭО бас инженері болып Кравцов Валентин Тихонович жұмыс атқарды, ол кейіннен жаңадан салынған 2-ЖЭО директоры болып тағайындалды, ал 1-ЖЭО бас инженері болып Оразбаев Бірлік Есіркепұлы тағайындалды. Екі басшы да рационализаторлық қозғалыстың жақтаушылары болатын.
Мен де осы қозғалыстың мүшесі болдым. Идеялар мен қандай да бір жаңалықтарды енгізу – пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге тура келетін жабдықтарда жүзеге асырылды. Олар – 6 кВ майлы ажыратқыштар мен сутегі өндіретін электролизёрлер, 6кВ турбогенераторлар мен ажыратқыштардың газ бекеттері, АТҚ–110 кВ жарықтандыру жүйесі және генераторлар, трансформаторлар және басқа да энергия жабдықтары.
Техникалық кеңес барлық енгізулерге куәліктер берді, ал авторлар мен бірлескен авторлар материалды ынталандырылды. Көптеген техникалық енгізілімдер энергожабдықтардың ұзақ уақыт қатерсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік берді, ал кейбір жабдықтар енгізілген ұсыныстарға байланысты қазіргі уақытта да жұмыс істеп тұр. Осы жұмыстың арқасында көптеген өндірістік міндеттер шешілді.
Өткен ғасырдың сексенші жылдары – қызықты кезең болды. Елде соғыс болған жоқ, адамдар өздерінің болашағына сеніп өмір сүрді. Біреулер балабақшаға, мектепке, институтқа,жұмысқа барды, біреулерболса ЖОО-ны бітіргеннен кейін осы жұмысқа өзінің бөлінуін күтті, ал біреулерзейнеткерлік демалысқа шықты. Тек қана сұлулық, ешқандай күйзелісболған жоқ. Бәрі анықталып, болжанып отырған сиақты. Шығармашылықтың уақыты келген сиақты және ол сол кезеңде болды.
Бұл әсіресе біздің өндірісте жаппай құбылыс болды. Бригадалар, цехтар және тұтас кәсіпорындар арасында тұтас бір жарыс процесі болды. Бәрі жарысты. Жеңімпаздар, тіпті материалдық жағынан да көтермеленді.
Жарыста көп нәрсе ескеріліп отырды: өндірістік көрсеткіштер, түрлі өндірістік бұзушылықтардың болмауы, кәсіпорынның қоғамдық өмірге қатысуы, сонымен қатар, әрине, шығармашылық қызметі. Осы жарыс процесінде жеңіске жеткен өндірістік бөлімшеге сыйақы төлей отырып, «Коммунистік еңбек ұжымы» құрметті атағы берілді.
Мен шебер болып жұмыс істеген бригадаға осы құрметті атаққа иелену бақыты бұйырды. Бригаданың әрбір мүшесі өз қызметі үшін мақтанғаны әлі есімде. Әркім өз еңбегінің байқалғанын және бекер орындалмағанын түсініп отырды.
Өндірістегі қоғамдық қызметтің бір түрі сенбіліктер өткізу болды. Әдетте оларды әлемдік пролетариат көшбасшысы В.И. Лениннің туған күніне орайластырды. Ал, ол 22 сәуір көктемде туылғандықтан, сенбіліктер де осы кезеңде өткізілді. Ол күн (әдетте бүкіл ел бойынша)көктем күндерінің бірсенбісінебелгіленді және адамдар өткен қыстан кейін өз учаскелерін тәртіпке келтіру үшін жаппай өздерінің өндірістік нысандарына шықты. Сыпыру, қыру, тазалау, жуу, ағарту, бояу және тағы басқа… Басқа да, негізгі жұмыс уақытында орындауға болмайтын іс-шараларды орындау. Бұл пайдалы әрекет болды.
Өндірістік нысандар өзгеріп, бәрі тазалық пен ұқыптылықпен жарқырап тұратын. Былтыр жиналып қалған барлық қоқыстар тазартылып, жарқырапжатты. Осындай сенбіліктер 1-ЖЭО-да жиі өткізіліп тұрды. Адамдар оларға ешқандай көндірместен, жақсы көңіл күймен шығып отырды. Біз өз учаскелерімізде барынша көп істі орындауға тырыстық.
Мен жұмыс істеген бригада көбінесе (АТҚ) 35-110 кВ ашық тарату құрылғыларының аумағында жұмыс істеді. Жұмыс барысында ажыратқыштар мен трансформаторлардың астындағы майлы қиыршық тасты ауыстыру жұмыстары жүргізілді, жабдықтар мен жоғары вольтты порталдар боялды, жиналған қоқыстар алынып тасталды, қоршаулар жөнделді.
Жұмыс әрдайым жанып, ынтамен жүрді, біреуді итермелеудің қажеті жоқ еді. Осылайша, барлығы жалпы күш-жігермен бірге жұмыс істеген өндірісін қолдап отырды. Сол кезде барлығы бірге, жанаша, дәрежесіне қарамай еңбек етті. Бәрі күрекпен қазып, сыпырғышпен сыпырып, бояумен бояп, жүк тиеп, түсіріп, зембілдер сүйреп жүрді. Ешкім міңгірлеп, наразылығын білдірмеді. Барлығы өз өндірісін, өз үйін ретке келтірді. Мұның бәрі тегін, бір ынтамен жасалды. Бұл ұжымның біртұтас, монолитті бірлігі болды. Сондықтан, ел үшін ең қиын кезеңде энергетика құлап, жойылған жоқ, өйткені онда біртұтас, шығармашылық монолит жұмыс істеді.
Бір күні, менің кәсіби жолымның басында 1-ЖЭО директоры Левин Виктор Дмитриевич маған жақсы кеңес берді: «Құбырларды ұстай бер». Мен құбырларды осы уақытқа дейін ұстап келемін: жалпы алғанда, мен 1994 жылдың қыркүйегіне дейін 1-ЖЭО-да жұмыс істедім. Шындығына келетін болсақ: құбыр қара түтінмен түтіндемеуі үшін барлық нәрсе жасалды, ал оның үстінен таза ақ бу көтерілу керек.
Бірақ тарихи факт – дәл осы 1-ЖЭО бастапқыда Алматы энергетикасы үшін кадрлардың ұстаханасы болған. Компанияға алғаш келгенімде, онда 1935 жылы шығарылған жабдықтардың қалған бір бөлігі бар еді. Кейінірек ол алынып тасталды. Тарихи ғана емес, сонымен қатар практикалық құндылықты білдіретін сирек кездесетін, құнды жабдық.
Мысалы, турбина цехының ескі корпусы жағындағы 8-генератордың алдында электрлі кран-балка болған. Бұл – генераторларға қызмет көрсететін ілмекті жүк көтергіш механизм. Оның ленд-лизинг бойынша КСРО-ға берілгені белгілі. Оны 90-шы жылдардың соңында компанияны сатып алған бельгиялықтар көріп, оны бөлшектеп, алмастырып, өздеріне алғысы келді. Бірақ 1-ЖЭО оны берген жоқ. Олар тек 2022 жылы ғана ескі машина залының корпусын бөлшектеу кезінде пайдаланудан шығарылды.
Бірақ ескі жабдықтардың көбі жаңғыртылды. Мысалы, ескі генераторларда – электр машиналық қоздыру тиристорлық жүйеге ауыстырылды. Сол кезде жаңа ГТҚ салынып, ескірген ВМГ орнына жаңа 6 кВ – ВМП ажыратқыштары қойыла бастады.
Энергетикалық кәсіпорындағы жұмыс түрлі қауіпті жағдайлармен байланысты. Жабдықты пайдалану және қызмет көрсету кезінде қызметкерлер орындайтын барлық әрекеттерге өте мұқият қарау қажет. Белгіленген регламенттелген ережелерді сақтамау жағымсыз қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Менің есімде газ құбырын жөндеу кезіндегі осындай абайсыздық, жұмыс істеп тұрған энергетикалық қазандық пен қазандық цехының бас корпусы ғимаратының едәуір зақымдануына әкеп соқтырған бір оқиға қалды. Содан кейін тәулік бойы апаттық жағдайда қалпына келтіруге тура келді. Демек, энергетика – күлкілі сала емес!
Бұрын: Энергетика министрлігі жыл сайын жөндеуге бюджет және энергетикалық жабдықтар үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды жеткізуге квота бөлетін. Ол сондай-ақ әрбір энергетикалық кәсіпорын үшін энергетикалық жабдықтарды жөндеуге – қазандықтарды, турбоагрегаттарды, электр техникалық жабдықтарды, жылу оқшаулағышты, химиялық қорғауды, БӨАжА жөндеуге, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге шарттар жасалған мердігерлік мамандандырылған ұйымдарды анықтайтын. Энергетика министрлігі барлық нысандар үшін ортақ болғандықтан, бәрін олар жоспарлап отыратын. Энергия жабдығына арналған қосалқы бөлшектер мен материалдарды біз тікелей өндіруші зауыттардан алатынбыз. Кезінде мен бұрынғы КСРО-ның түрлі өңірлеріне қосалқы бөлшектер мен материалдар үшін бірнеше рет іссапарға барған болатынмын.
Менің есімде, энергетика үшін ең қиыны тоқсаныншы жылдардың екінші жартысы болды. Жабдықтардың тозуы өсе түсті. Одақ республикаларымен экономикалық байланыстардың бұзылуына байланысты қосалқы бөлшектер мен материалдарды жеткізу де тоқтатылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу қиын болды. Мәселелерді шешу үшін жергілікті түрлі зауыттармен жұмыс істеуге тура келді: Алматыда орналасқан ААМЗ, Гидромаш, Киров зауыты және т.б. Бұл ретте, көптеген өндірістерде қажетті материалдарды дайындаудың қажетті технологиялары болған жоқ. Сапалы материалдар мен қосалқы бөлшектерді әрдайым пайдалануға тура келе бермеді. Бұрын тұтас бейінді институттар зауыттар үшін бұйым өндіру технологиясын әзірлеген еді, кейіннен бәрін энергетиктердің өздері сынап көруге тура келді.
Энергетика сала ретінде құлдырай бастады. Барлығы – сала басшылары мен билік осы жағдайдан шығудың жолын іздеді. Шешім ретінде өндірістік энергетикалық активтер қызығушылық танытатын инвесторды шақыру болды. 1996 жылдың 13 тамызында «Алматыэнерго» компаниясына бельгиялықтар келді – Tractebel компаниясы жаңа меншік иесі болды. Ал біздің кешен «Алматы Пауэр Консолидейтед» ЖАҚ немесе «АӨК» ЖАҚ деп атала бастады.
1998 жылы бельгиялықтардың кезiнде ЖЭО-ның отын-көлiк цехтарының негiзiнде темiр жол жүктерiн түсiруге және темiр жолдарға қызмет көрсетуге арналған жаңа ОҚТО құрылымдық бөлiмшесі құрылды.
Tractebel командасына жұмысты бастау оңай болмады. Бельгиялықтар келген кезде мен жергілікті жабдықтарды жеткізу жөніндегі инженер болып жұмыс істедім. Бізде «қазбаласу» кезеңі басталды. Біздің және олардың кәсіпорын жұмысын ұйымдастырудағы көзқарастарының қаншалықты өзгешелігі және біз олармен ментальдық тұрғыдан қаншалықты өзгеше болғанымыз бірден анықталды. Дегенмен, бұл пайдалы тәжірибе болды. Бірақ олардың жасаған басты істері – жұмысты ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыдан құрып, кәсіпорынды сақтап қалу болды. Басқа мәселе – қандай бағамен…
1996 жылы 1-ЖЭО-да турбогенераторлардың бірі зақымданып, статордың орамы жанып кеткені есімде. Бельгиялықтар осы пайда болған салдарды жою үшін генераторды Франциядан әкелгісі келді, бірақ бұл ұзақ процесс болды, ал жылыту кезеңі жақындап қалған болатын. Сол кезде біздің мамандар басқа жол тауып, инвесторларды тез арада өз күштерімен жанған генераторды қалпына келтіруге болатындығына сендірді. Нәтижесінде, екі айдың ішінде жергілікті мердігер ұйымның және біздің мамандардың көмегімен генератор қайта оралынып, пайдалануға берілді. Бельгиялықтарды біздің жұмысшылардың кәсібилігі таң қалдырды. Шетелдіктер үшін бұл тәсіл таңқаларлықтай болды. Ал турбогенератор болса қазіргі уақытта да пайдаланылуда.
Бельгиялықтар келгенге дейін бізде 1-ЖЭО-да ең ескі 8-ші турбоагрегат болды, оның пайдалану мерзімі аяқталған болатын. Бельгиялықтар жаңа генератор мен турбинаны сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырды. Бельгиялықтар шеше алған тағы да бір маңызды мәселе – төлем жинауды арттыру.Тіпті, нақтырақ айтсақ, халыққа төлем мәдениетін енгізді. Олар бастапқыда энергияға нақты ақшаға тұрарлық тауар ретінде қарады: тұтынасың, сатып аласың –енді уақытында төлеп отыр. Олар келген сәтте бізде ақша жинау процесі ұсынылған шоттардың небәрі 20%-ын ғана құрады. Ал, олар болса жағдайды түбегейлі өзгертті. Жинау 90% -дан кем емес шамаға дейін өсті. Бельгиялықтар жіберілген энергия үшін төлем жинау жүйесін ретке келтірді. Олар қойған алгоритмдер әлі күнге дейін қолданыста.
Республиканың орасан зор ресурстары мен мүмкiндiктерiне қарамастан, 90-жылдардың аяғында Қазақстанда тапшы энергия жүйесi қалыптасты. Бірақ, оған объективті және субъективті себептеріде болды. Социализм кезінде біз электр энергиясының 40%-ын сырттан алдық. Атап айтқанда, Қырғызстанда электр энергиясы арзан, ал бізде ортақ желі болды.
90-шы жылдары кешенді себептерге байланысты біздерге кезекті ажыратуға тура келді. Оның үстіне, электр сымдары электр энергиясының белгілі бір мөлшеріне есептелгендіктен, трансформаторлар артық жүктелу кезінде істен шығып отырды. Трансформаторлық қосалқы станциялардың қуатын арттырып, сырттан келген электр энергиясын қабылдауды жүргізу керек болды.
Ол кезде мен департамент директоры болып жұмыс істедім және техникалық зерттеулер, күрделі жөндеу және құрылыс, сондай-ақ перспективалық даму мәселелерімен айналыстым. Сонымен қатар, магистральдық жылу желілерін ауыстыру да шұғыл шешімдерді талап етті. Жыл сайын бізге 10 шақырымға жуық құбырды ауыстыру керек болды. Олардың қызмет ету мерзімі біткен болатын – олардың ең көбіне – 25 жыл болды, ал біз бельгиялықтар келгеннен кейін оларды ауыстыруды қайта бастадық. Бұл үлкен жұмыс болды.
Бельгиялықтармен қарым-қатынас үзілгеннен кейін «АӨК» ЖАҚ болып ұйымдастырылды. 2000 жылы екі өзгеріс болды: БАК – БЖК Батыс жылу кешені болып өзгерді. Ал «АӨК» ЖАҚ «ҚазТрансГаз» ЖАҚ құрамына кірді және оның құрамында 2001 жылға дейін болды. Содан кейін компания Алматы әкімдігіне берілді.
Энергия көздерінен басқа оның құрылымына қалалық жылу желілері, сондай-ақ қалалық және облыстық электр желілері (бүгінде «АЖК» АҚ) кірді. «АӨК» ЖАҚ-ның осындай құрамы кезінде күрделі құрылыс пен перспективалық даму бойынша негізгі екпін кернеуі 6/10/35/110/220 кВ жаңа жоғары вольтты электр қосалқы станцияларын жобалау мен салу, сондай-ақ магистральдық жылу желілерін қайта салу жүргізілді. Бірақ 2007 жылы осы мәселелермен айналысатын құрылым – АЖК біздің компаниядан бөлініп кетті.
Тағы бір есте қаларлық оқиға «АлЭС» АҚ кезінде болды, ол кезде жедел инженерлік шешімдер, барлық қатысушылардың ақыл-ойы мен жоғары кәсібилігі қажет болды. Әңгіме Қапшағай ГЭС-інде болған ТЖ туралы болып отыр. Гидроагрегатта жоспарлы жөндеу жүргізу кезінде гидрогенератордан салмағы 400 тоннадан сәл артық зәкірді алу қажет болды. Бірақ оны екі көпірлі крандармен сүйрету кезінде олардың біреуінің болат арқаны зақымдалып қалған болатын.
Үлкен зәкір бетон еденнен алты метр қашықтықта қисайған күйде ілініп қалды. Бұл қауiптi болды, өйткенi iлiнген жүктiң жанында жұмыс iстейтiн гидротурбиналар болды. Сол кезде «АлЭС» АҚ басшылығы маған ТЖ жою бойынша жұмысты басқаруды тапсырды. Біз сол кезде арнайы тіреулерді жасап, конструкцияны қауіпті аймақта орнатып, оған төрт жүз тонналық зәкірді түсіре алдық. Содан кейін зақымданған арқандарды ауыстырып, жүкті оқиғасыз түсірдік. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, біз бір апта ішінде зәкірді қауіпсіз және жеткілікті түрде жедел түсіре алдық. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілді. Осы жұмысқа мердігер ұйымның қызметкерлері де, өз қызметкерлеріміз да тартылды.
Мен қазір зейнеткермін. Жақсы естеліктер мені ұжыммен, станциямен байланыстырады. Бірақ мен компанияда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырмын. Меніңше, 2007 жылдан бастап компания дамуының жаңа кезеңі жүріп жатыр. Сол кезде энергия көздері жалпы энергия жүйесінен бөлініп, «Алматы электр станциялары» АҚ – АлЭС қазіргі құрамықұрылды: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, ОҚТО, «Энергожөндеу» ӨЖК.
Қазіргі уақытта бұл кезең қайта жаңарту, жаңа қуаттарды іске қосу, энергия көздерінде қайта жаңарту процесінің басталуымен ерекшеленеді. Алматы энергетикасының қазіргі тарихи кезеңі жаңару кезеңі болады деп үміттенемін.