Жарқын эмоциялар, пайдалы білім және жазғы көңіл-күй
Артқа
14.07.2025

Жарқын эмоциялар, пайдалы білім және жазғы көңіл-күй

«Мектеп елшілері» жобасы аясында «Эдельвейс» лагерінде өткен іс-шара

2025 жылғы 11 шілдеде «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінің бірінші ауысымында «Мектеп елшілері» корпоративтік жобасы аясында жарқын, әрі мазмұнды іс-шара өтті. Қазіргі таңда лагерьде энергетика саласының 195 баласы демалуда.

«Мектеп елшілері» жобасы оқушылардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттыруға, осы саланың заманауи әрі жағымды бейнесін қалыптастыруға, сондай-ақ ондағы мансаптық мүмкіндіктер туралы хабардарлықты көтеруге бағытталған. Бағдарлама аясында қыз балаларды энергетикаға тартуға ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге және болашақтағы техникалық әрі инженерлік мамандықтарда әйелдердің үлесін арттыруға ықпал етеді.

Күнбағдарламасы бірнеше тақырыптық бөліктен тұрды: білім беру, ойын және қорытынды мереке. Бірінші күн маңызды, әрі пайдалы бөлімнен, яғни алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері бойынша сабақтан басталды. Есептер мен режимдер жөніндегі инженер Әнел Сәдуақас пен 3-ЖЭО ЕҚжЕҚҚ аға инспекторы Біржан Қыдырманов балаларға төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінікті тілмен айтып, іс жүзінде көрсетті. Балалар оларды аса қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, тәсілдерді көрсетуге белсенді қатысты. Бұл маңызды да жауапты бөлім болғанымен, көңілді және жайлы жағдайда өтті.

Қатысушыларды «Кальмар ойыны» сериалынан шабыт алған тақырыптық ойын күтті. Барлық әрекеттер балалардың жас ерекшеліктеріне сай бейімделіп, ойын түрінде, қауіпсіз ортада өткізілді және үлкен эмоциялармен өтті. Бәсекелестік рухы, командалық ынтымақтастық пен достарды қолдау осы бөлімнің басты ерекшеліктеріне айналды.

Күннің ең маңызды сәті – жарқын және әсерлі көбік шоуы болды. Бұл шара қуанышқа, күлкіге, би мен көбікке толы ерекше оқиғаға айналды.Барлық қатысушыларға мерекенің тақырыбына сәйкес ерекше сыйлық қорапшалары берілді, бұл көңілді мерекені тамаша аяқтады.

– Бұл күн балалар үшін ұмытылмас сәт болды! Іс-шара көңілді, әрі қарқынды өтті және өте жылы атмосферада ұйымдастырылды, – деді Әнел Сәдуақас. – Біз үшін ең бастысы –балаларға тек көңіл көтеру ғана емес, пайдалы білім мен жағымды тәжірибе сыйлау маңызды болды.Осы мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз, – деді Біржан Қыдырманов.

Айта кету керек, балалардың жазғы сауықтыру лагері – ұжымдық дайындықтың нәтижесі. «АлЭС» АҚ жазғы маусымға алдын ала дайындық жүргізді. Маусым айында «Эдельвейс» лагерінде кешенді жөндеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру шаралары жүзеге асырылды. Линолеум жаңартылып, қабырғалар мен қасбеттер боялды, жаңа ойын алаңдары орнатылып, от жағу аймағы абаттандырылды. Бұл бағыттағы еңбектері үшін «АлЭС» АҚ ұжымы мен «Энергия» жергілікті кәсіподағына ерекше алғысымызды білдіреміз. – Ерекше алғысымды Каскад ГЭС ұжымына және автокөлік учаскесінің жүргізушісі Денис Измалковқа білдіргім келеді. Ол тек қызметтік міндетін орындап қана қоймай, іс жүзінде жөндеу жұмыстарының үйлестірушісі болды, – деп атап өтті Каскад ГЭС Кәсіподақ комитетінің өкілі Гүлназ Мерембай.

Жазғы маусым әлі де жалғасуда. 2025 жылы «Эдельвейс» лагерінде екі ауысым қарастырылған. Екінші ауысым 18 шілдеде басталып, 2 тамызға дейін жалғасады.

«АлЭС» АҚ балалар демалысын ұйымдастыруға тұрақты түрде ерекше назар аударады. Компания жас ұрпақтың бойында өмірлік маңызды дағдыларды, оң көзқарасты және командалық жұмыс іскерлігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік, білім беру және ойын-сауық элементтерін тиімді ұштастырып, мазмұнды демалыс ұсынады.