Жаннатбек ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ тәлімгерлігінің төрт қағидаты
Алматы энергетикалық кешенінде Жаннатбек Айыпұлы Жанғабыловтың еңбек еткеніне символикалық түрде 33 жыл болды. «АлЭС» АҚ-ның көптеген мамандары сияқты, ол да өз еңбек жолын 2-ЖЭО-дағы электр цехында жай оқушымен жұмысшыдан бастап, кейін электр цехының электр станциялары цехының ауысым бастығына дейін жол жүріп өтті.

Арада ондаған жыл өтсе де, ол өз еңбек жолының бастауын, қиындықтарды еңсеруге көмектескен әріптестері мен тәлімгерлерін ұмытқан емес. Ол сол кісілердің арқасында нағыз кәсіби маман болып қалыптасып, шеберліктің қыр-сырын меңгерді.
– Өз еңбек жолымды 1991 жылы Алматы энергетикалық техникумын тәмамдағаннан кейін Алматы 2-ЖЭО электр цехында бастадым. Мені кәбіл желілері мен жарықтандыру жабдықтарын жөндеу жөніндегі бригадасына қабылдады, – деп еске алады Жаннатбек Айыпұлы. – Алғашқы тәлімгерім электр цехының шебері Сергей Клостер болды. Оның жетекшілігімен мен энергетика нысанындағы еңбек жолымды бастадым. Кейін 0,4 кВ және 6,3 кВ электрқозғалтқыштарын жөндеу жөніндегі электрслесарі, 6,3/10,5/110 кВ ажыратқыштарын жөндеу жөніндегі электрслесарі, электр цехының шебері болып жұмыс істедім. 2003 жылы вахталық қызметке, яғни жедел персонал құрамына ауыстым. 2-ЖЭО-да ұзақ жылдар – 1991 жылдан 2024 жылға дейін еңбек ете отырып, теориялық және практикалық дағдыларды меңгердім.

Жасымыз ұлғайған сайын әрқайсымыз білімнің қаншалықты баға жетпес қазына екенін және оны жас буынмен, жанымызда еңбек ететін әріптестермен бөлісудің маңызын тереңірек түсінеміз. Әсіресе, жұмыс барысында немесе төтенше жағдайда сенім артуға болатын, өмірлік ісіңді алаңсыз тапсыруға лайық мамандарды тәрбиелеу – үлкен жауапкершілік.Сондықтан жас әріптестерге білім мен тәжірибе беру мәселесі Жаннатбек Айыпұлы үшін әрдайым табиғи әрі маңызды міндет болды. Ол өз тәлімгерлерінен алған эстафетаны кейінгі буынға жеткізуді азаматтық әрі кәсіби борышым деп санады. Алған білімі, тәлімгерлері мен ұстаздарының үлгісі оның тәжірибесін жас мамандармен бөлісу керек деген сенімін қалыптастырды. Әрине, оқу орындары теориялық негіз қалыптастыруда және мамандықтың іргетасын қалауда үлкен рөл атқарады. Алайда нақты дағдыны, еңбек тәртібін, жауапкершілікті және тәжірибеде дұрыс шешім қабылдай білуді жас маманға кәсіби шебер, өндірістегі тәлімгер ғана үйрете алады.

– Тәлімгер – бұл білімді беретін тәжірибелі маман ғана емес. Ол шәкірттерінің кәсіби әрі тұлғалық дамуына ықпал ететін адам, – дейді Жаннатбек Жанғабылов. – Тиімді тәлімгер болу үшін бірқатар маңызды қасиеттерге ие болу қажет.Біріншіден, тәлімгер өз рөлінің маңызын терең түсінуі тиіс. Өйткені оның жұмыс тәсілі жас мамандардың болашағына тікелей әсер етеді. Ол тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар өмір мен еңбек жолында қажет болатын құндылықтарды да жеткізеді. Екіншіден, қарым-қатынас, күрделі ойларды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізе білу – тәлімгердің негізгі қасиеттерінің бірі. Шәкіртпен ортақ тіл таба білу өте маңызды. Үшіншіден, жаңашылдыққа ашық болу және үздіксіз үйренуге дайындық. Тиімді тәлімгер өз білімін берумен қатар, жаңа білімді де қабылдай алуы қажет. Үнемі даму мен икемділік оған кәсіби тұрғыдан өзектілігін сақтап, жас мамандарды заманауи тәсілдерге үйретуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, жауапкершілік. Мен үшін тәлімгерлік – бұл ең алдымен жылдар бойы жинақталған білім мен тәжірибені жеткізудегі үлкен жауапкершілік. Тәлімгерлік жас мамандарға мамандыққа тез бейімделуге, кезінде өзіміз жіберген қателіктерден сақтануға және күрделі жағдайларда дұрыс шешім таба білуге көмектеседі.

Тәжірибелі маман тәлімгерлік – өзара байытатын үдеріс, ол тәлім алушы үшін де, тәлімгердің өзі үшін де бірдей құнды деп есептейді. Оның пікірінше, тәлімгерліктің пайдасы өте зор.
– Жас мамандар үшін бұл – тәжірибелі әріптестерден практикалық дағдыларды меңгеруге, кеңес пен қолдау алуға мүмкіндік, бұл олардың кәсіби өсуін жеделдетеді, – дейді Жаннатбек Айпұлы. – Ал тәлімгерлердің өзі де шәкірттерінен көп нәрсе үйренеді. Олар үшін жаңа көзқарас қалыптасып, тың идеялар пайда болады, заманауи тәсілдер дамиды. Көп жағдайда жастармен қарым-қатынас бұрыннан қалыптасқан міндеттерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Әрине, оқу үдерісі – мамандыққа бастар жеңіл «серуен» емес. Білім берумен қатар, бірінші кезекте қауіпсіздік, жауапкершілік, өзара көмек қағидаттарын сақтауға үйрету қажет. Бұл оқытудың ең оңай жолы емес.
– Жас маманды даярлаудағы басты қиындық – оны жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәсілдеріне үйрету, өйткені электр тоғы немқұрайлылық пен қателікті кешірмейді, – деп есептейді тәлімгер. – Ал бұл жұмыстағы ең қызықты сәттер жаңа инновациялық технологиялар енгізілген кезде басталады, сол кезде әріптестеріңмен бірге мүлде жаңа жабдықты игере бастайсың. Осындай кезеңде ерекше серпіліс сезіледі. Себебі бұл уақытта сен тек техникалық жаңалықтарды меңгеріп қана қоймай, терең зерделеуді, шешімдер іздеуді және командамен білім алмасуды талап ететін жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келесің. Бұл – кәсіби өсуді ынталандыратын, дағдыларды жетілдіретін және жекелеген қызметкерлердің де, тұтастай ұйымның да одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын үдеріс.
Алайда Жаннатбек Жанғабылов ең алдымен еңсеруге болатын қиындықтар туралы емес, тәлімгерліктің пайдасы мен құндылықтары жайлы айтқанды жөн көреді. Оның сенімінше, олардың маңызы әлдеқайда зор.

– Тәлімгерліктің құндылығы әсіресе өз дағдылары мен білімдерін үнемі жетілдіруге ұмтылатын, қол жеткізгенімен шектеліп қалмайтын жас буынды бақылаған кезде айқын көрінеді. Олардың қиындықтарды еңсеріп, табандылықпен алға жылжып, үнемі өсіп келе жатқанын көру шабыт береді, – дейді шебер. – Мұндай жағдайда тәлімгерлік тек тәжірибе алмасу ғана емес, олардың әрі қарай дамуына қуатты ынталандырушы күшке айналады.
2-ЖЭО-да отыз жылдан астам жұмыс істеп, өзінің мансабын жас маман ретінде бастап, қазір жаңа буынға тәлімгер болғандықтан, мен жас, мақсатты, білімді және техникалық білімі мол мамандарды мақтанышпен бақылап отырмын.

Тәлімгер өзінің шәкірттері арасында кәсіби мақтанышын айтатындардын қатарында: Абзал Байбосынды, Бауыржан Бектұрғановты және Данияр Әбілғазиндіатап өтті.
– Осы жігіттерді ерекше атап көрсете отырып, кейде мен: «Қазақстанның барлық энергетика саласында қанша осындай маман жұмыс істеп жатыр екен ?» – деп те ойлайып қаламын. Осындай мамандардың болуы еліміздің энергетикасының болашағына сенімділік береді. Олардың ұмтылысы мен кәсібилігін көріп, дәл осындай сауатты кадрлар біздің энергетика саламызда жұмыс істейтіндігіне және олардың болашақта да оны дамыта беретіндігіне қуанышпен қараймын, – деп түйіндейді Жаннатбек Жанғабылов.