Жаңа баспана – жаңа энергия мекені
Артқа
16.10.2025

Жаңа баспана – жаңа энергия мекені

АлЭС өз қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады

2025 жылғы 15 қазанда Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО акт залында «АлЭС» АҚ-ның 38 қызметкеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Бұл күн жылдар бойы Алматы энергетикасы үшін аянбай еңбек етіпжүрген, қаланы күн сайын жарық пен жылуға бөлейтін жандар үшін нағыз мерекеге айналды.

«АлЭС»-тің тұрғын үй бағдарламасы қызметкерлерді қолдау, олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайту және өмірдегі ең маңызды мәселелердің бірі – жеке баспанаға ие болу жолында көмек көрсету мақсатында құрылған. Мамыр айында 340 өтініштің ішінен 38 үміткерден тұратын тізім бекітіліп, шілде айында пәтер сатып алуға қатысты жалпы сомасы шамамен 1 миллиард теңгені құрайтын келісімшарттар жасалды. Кілттерді табыстау – осы ауқымды жобаның соңғы кезеңі болды. Пәтерлер жайлылығы мен дамыған инфрақұрылымымен ерекшеленетін «Qargaly city» және «Gate City» заманауи тұрғын үй кешендерінен сатып алынды.

Кілттерді табыстау кезінде «АлЭС» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ернар Сандыбаев былай деді:

– Біздің мақсатымыз тек өндірісті дамыту ғана емес, сонымен қатар адам өз жұмысымен мақтанып, болашағына сенімді болатындай жағдай жасау. Бұл пәтерлер сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен адалды еңбектеріңізге деген ризашылығымыз.

Осы айтылған сөздер залда үлкен қошеметке ие болды. Қуаныш, толқу, күлкі – осының барлығы нағыз бірлік пен отбасы жылуына толы атмосфера қалыптастырды.

Жаңа қоныс иелері – әртүрлі мамандық иелері, бірақ барлығын біріктіретін бір нәрсе бар – ол жасампаздыққа деген ортақ энергия.

«Энергожөндеу» ӨЖК учаскесінің шебері Сергей Быченко құжаттарды рәсімдеу үдерісі нақты әрі еш қиындықсыз өткенін айтты. Ал оның әріптесі, Электр цехының ауысым бастығы Александр Хомочкин 2006 жылдан бері 3-ЖЭО-да еңбек етіп келеді: – Керемет сезім! 3-ЖЭО мен «АлЭС»-ке үлкен рақмет! Өте ризамын, – деді ол жүзінен күлкі кетпей.

3-ЖЭО-ның тағы бір өкілі – Владимир Утенков энергетика саласында 19 жыл еңбек етіп келеді. Оның отбасы үшін жаңа пәтер – бірнеше ұрпақтың арманының орындалуы. – Әйелім қатты қуанды – ақыры өз үйімізге жеттік ! Атам, апам, ата-анам – бәрі осы станцияда жұмыс істеген, қазір әпкем де осында еңбек етеді. Біз нағыз энергетиктер әулетіміз, – дейді Владимир мақтанышпен.

Өзінің оқиғасымен ОҚТО тепловоз машинисі Ақылбек Берішев те бөлісті. Ол 22 жыл бойы Талғардан күн сайын жұмысқа барып, бір бағытқа екі жарым сағат жұмсаған. – Енді пәтерім жұмысымның қасында. Отбасымыз үшін бұл үлкен жеңілдік, – деп мойындады ол.

20 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар «Энергожөндеу» ӨЖК Металдар және дәнекерлеу қызметінің ақаутапқышы Алмас Ержиенов ерекше ризашылығынбілдірді. Ол үлкен отбасын тәрбиелеп өсірген – сегіз баласы бар, оның үшеуі қазір студент. – Пәтер алу мүмкіндігі пайда болғанына өте қуаныштымыз. Енді балалар осында, өз үйінде тұрады, – деп бөлісті Алмас.

Бұл оқиғаларды А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы Римма Мұсаева толықтырды.Ол станцияда он бес жыл жұмыс істейді және былай дейді: – Пәтер алатыныма қатты сендім. Соңғы сәтте құжаттарды тапсырдым да, өтіп кеттім! Енді менің өз үйім бар.

Ал 1-ЖЭО-ның қызметкері Айнұр Иембердиева үшін пәтер алу – ұрпақтар сабақтастығының символы болды. – Әкем де осы станцияда жұмыс істеген. Барлығы қатты қуанды, әсіресе ол және мен – деп жылы лебізін білдірді ол.

БЖК жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бастығы Дінмұхамед Клюков өз сезімдерін жасыра алмады: – Бұрын ата-анаммен бірге тұрдым, енді өзімнің баспанам бар. АлЭС-пен армандар орындалады! – деп күлімсіреді Дінмұхамед, қастерлі кілтті қолында ұстаған күйде.

2006 жылдан бері АлЭС-те еңбек етіп келе жатқан бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының бас маманы Гүлмира Ерсариева жаңа баспанасын ойша безендіріп жатқанын жасырмады. – Pinterest-тен неше түрлі идеялар жинап жатырмын, суреттерді сақтап алдым, әр бөлшекті ойластырып қойдым. Өте қуаныштымын! – дейді ол шабыттана.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бас маманы Бауыржан Бектұров та өз эмоциясын жасыра алмады. Ол күн сайын таңғы 5:30-да жұмысқа шығып, бір бағытқа екі жарым сағат жол жүретін. – Енді бәрі өзгереді. Компанияның бізді қолдап отырғанына өте қуаныштымын. Іріктеу әділ өтті. Бұл – 1-ЖЭО-да әрі қарай еңбек етуге деген үлкен ынталандыру, – деп атап өтті ол.

Ресми бөлімнен кейін қызметкерлер басшылықпен бірге мерекелік фотоаймақта естелік суретке түсіп, алғыс сөздері мен ізгі тілектерін білдірді. Атмосфераны мақтаныш сезімі мен үлкен әрі тату отбасының рухы баурап тұрды.

– Мұндай бағдарламалар – жай ғана көмек емес. Бұл баға жетпес қамқорлық пен көңіл бөлу, – деді қатысушылар өмірлеріндегі жаңа кезеңнің символына айналған кілттерін қолдарында ұстап тұрып.

«АлЭС» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әсел Арғынбаева былай атап өтті:

– Биыл біз тұрғын үй бағдарламасын енгіздік және оның қызметкерлеріміз үшін қаншалықты маңызды екенін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Бұл бағдарламаны келесі жылы да міндетті түрде жалғастырамыз. Жас мамандар үшін арнайы квота бөлуді жоспарлап отырмыз, себебі олар болашақта АлЭС-те қалып, ұзақ жылдар бойы бізбен бірге еңбек еткендіктерін қалаймыз.

Бұл бағдарлама жай ғана әлеуметтік қолдау емес. Бұл – алғыс белгісі, қамқорлықтың символы және АлЭС-те адам еңбегі шынайы бағаланатынының дәлелі.

Қызметкерлердің қалаға күн сайын беретін энергиясы оларға жылумен, жайлылықпен және ертеңгі күнге деген сеніммен оралады.

Көпшілік үшін бұл күн – армандар мен мақсаттарға жол ашқан өмірдің жаңа кезеңінің бастауы болды. Енді сол қуаныш өз шаңырақтарында өмір сүруде.