Юрий СВИРИДОВ: таңдаған мамандыққа сүйіспеншілікті ояту
Артқа
05.08.2025

Юрий СВИРИДОВ: таңдаған мамандыққа сүйіспеншілікті ояту

Жас маманды шебер дейгейіне баптайтын тұлға бір кездері мықты тәлімгеріне, оның білімі мен тәжірибесіне сүйенді. Осындай тұлғалардың қатарында турбина цехының газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі 6-разрядты слесарі Юрий Михайлович Свиридов те болды. Оның Алматы 3-ЖЭО-дағы жұмыс өтілі отыз жылды құрайды, оның 16 жылдан астамы тәлімгерлікке арналып келеді.

1994 жылы Алматы энергокешеніне жұмысқа келгенде, оның алғашқы тәлімгері А.В. Сидельников болды.

– Тәлімгерім маған сауатты және қауіпсіз жұмыс жасаумен қатар, өз еңбегімді бағалауды, ұжымды құрметтеуді үйретті, – дейді Юрий Михайлович. – Мен одан тәлімгерлікке деген көзқарасты да қабылдадым. Бұл бір күндік жұмыс емес екенін түсіндірді. Бұл тәжірибені, жинақталған білімді, жұмыс ерекшеліктерін қамтитын өндірістік режимдегі маңызды оқыту процесі. Бүгінгі таңда тәлімгердің жұмысындағы ең бастысы-қысқа мерзімде адамға таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілікті ояту. Тәлімгерліктің ең қиыны-жас жұмыскерді мамандығындұрыс таңдағанына, өз шешіміне деген сенімді нығайту.

Әрине, біз мамандықты саналы,шатаспайтаңдаған жағдайды айтамыз. Жақсы тәлімгер шәкіртінің жұмысқа бейімін, оның қабілеттерін немесе, керісінше, таңдаудағы қателікті анықтай алады. Бұл жағдайда да маңыздысы – жас жұмыскерге уақтылы өзін басқа салада сынап көруге кеңес беру. Юрий Михайлович осы жылдар ішінде он шақты шәкірт – маманды оқытты.

– Ермек Байахмет есімді жас маман ерекше есімде қалды, ол бізге келгенде бәрінен қорқатын, ал қазірдекімге де болса үйретіп, көрсете алатын білікті маман, – деп еске алады тәлімгер. – Кейде күні бойы түсіндіріп, қондырғының қалай жұмыс істейтінін үйретсең де, келесі күні: «Бұл не, қалай жұмыс істейді» деп сұрап тұратын жағдайлар да болған.

Егер адамның мамандыққа деген қызығушылығы, оқуға деген ынтасы, онда ең жақсысы – оған дер кезінде балама кәсіпті іздеуге мүмкіндік беру. Яғни, адамның кәсіби тағдырын бұзбау және шынымен де ынталы адамдарға білім алуға мүмкіндік беру. Өйткені, тәлімгерліктің құндылығы адамды өндіріс барысына бойлату, осылайша ол өзінің қажеттілігін, маңыздылығын және орындалған жұмыс үшін жауапкершілікті сезінеді, деп санайды Юрий Свиридов.

– Тәлімгердің тірегі – оның жеке тәжірибесі, білімі, сыпайылығы және шыдамдылығы, – деп өзінің принциптерін тұжырымдайды Юрий Михайлович. Біз шәкірттерімізге ұжымға, өз жұмысымызға құрмет көрсетіп, отбасы мен өндірісті ажыратуды үйретуіміз керек. Техникум шебері, алғашқы тәлімгерімнің мына сөздері жадымда қалыпты: «Кәсіпорынның табалдырығы – бұл шекара: одан өткенге дейін сіз отбасылы адамсыз, ал одан кейін ұжым мүшесісіз. Мұны шатастыру қажет емес». Алайда біреуі екіншісіне кедергі жасамайды, керісінше толықтырады. Есейген сайын, (өмірдегі ең бастысы – отбасың, балаларың, немерелерің және… сүйікті кәсібің екенін жақсы түсінесіз, олардың барына қуанасың. Сондықтан біздің әрқайсымыз жұмыс орнында маңызды «тетікпіз», жалпы өндіріс механизміндегі шағын, бірақ жауапты «бөлшек» болып табыламыз. Әркім жалпы іске өз үлесін қосады. Оның көлемі мен сипаты әркім үшін әртүрлі. Бірақ энергетикада қандай мамандықты таңдағанына қарамастан, ол қандай лауазымға ие болса да, жалпыға ортақ нәрсе – адалдық, берілген іс немесе учаске үшін жауапкершілік. Бұл тәсілді қалыптастыруда тәлімгерлер шешуші рөл атқарады…