Вячеслав РАЗБИЦКИЙ: жастарды пайдалы жобаларға тартуға тырысамын
Артқа
10.01.2025

Вячеслав РАЗБИЦКИЙ: жастарды пайдалы жобаларға тартуға тырысамын

Өзі үшін тәлімгерлік ету не үшін қажет деген сұраққа жылу автоматикасы және өлшеу цехы бастығының орынбасары Вячеслав Станиславович Разбицкий канадалық жазушы Боб Проктордың сөздерін келтіреді. Автор және жаңа ойлауды жетілдіру жөніндегі дәріскер былай деп айтқан: «Тәлімгер – бұл сіздің бойыңыздағы дарындылық пен қабілеттіліктің көп екенін өзіңізден гөрі жақсырақ білетін және оларды ашуға көмектесетін адам. Қолдау – ол біз бір-бірімізге көрсететін ең жақсы амал».

Бұл энергетик Вячеслав Разбицкийдің тәлімгерлікке деген 20 жылдан астам уақыт бойы ұстанып келе жатқан  ұраны мен тәсілдемесі. Алматы энергетикалық кешені – 3-ЖЭО-ға Вячеслав Станиславович 1990 жылы жұмысқа тұрған болатын. Келер 2025 жылы оның осы станцияда бірқалыпты жұмыс істеп, өз оқушыларының жетістіктерімен кәсіпке қосқан үлесін арттырып келе жатқанына 35 жыл толады.

Алайда, «АлЭС» АҚ-ның көптеген мамандары сияқты, ол да өзінің еңбек жолын тәжірибелі тәлімгерлердің қолдауымен бастаған.

– Менің алғашқы мұғалімдерім Евгений Георгиевич Ниденталь, Николай Тимофеевич Баранов болды, – дейді Вячеслав Станиславович. – Олар маған кәсіби дағдылар мен таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілікті үйретті, өз тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар маған жауапкершілікті, жаңа білім алуға, ұдайы оқуға деген құлшынысты үйретті. Олардың тәжірибелері мен сабақтары маған жұмыста жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәлімгерлер жұмыста жалқаулық пен салақтыққа жол бермеді. Сол кездегідей мен де рационализатормен айналыстым. Жабдықтағы түрлі істен шығулар, менің еңбек жолымның басында орын алған апаттық жағдайлар да менің жадымда қалды. Міне сол кездері біз проблемаларды жою үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тура келді.

Алматылық энергетиктердің қалыптасқан дәстүрі бойынша уақыт өте келе Вячеслав Разбицкий де тәлімгерлікке келді. Көп ұзамай ол үшін тәлімгерлік берілген қосымша жұмыс немесе орындалуые тиіс міндет қана емес, өз кезегінде оның әлемін кеңейтетін жас әріптестерімен атқарылатын қызықты іске айналды.

– Мен үшін тәлімгерлік – бұл өз дағдыларым мен білімімді жас ұрпаққа жеткізу, – дейді Вячеслав Станиславович. – Бірақ тек қана бұл емес. Бұл өз жастығына оралу, болашаққа көзқарас, жаңа ұрпақтың қазіргі өміріне сүңгу болып табылады. Бір кездері бізде жас қызметкер Анатолий Седешовтың жұмыс істегені есімде. Ол жастық шағымда мені қатты еске түсірді, мен сияқты белсенді болды, қызығушылық танытты. Мұндай оқушылармен танысу, тәжірибемен бөлісу, олардың жұмысқа деген қызығушылығының ұшқынын көру қызықты болды. Тәлімгерліктің құндылығы әрбір қызметкермен жеке тілтабысуда екен. Сонда ғана қайтарым болады.

Вячеслав Разбицкий көптеген тәлімгерлер секілді өз оқушыларының жетістіктерін бақылауда ұстауға тырысады, олардың жетістіктерін мақтан тұтады. Ол өндірістік тәлімгерлік – тек мамандық мектебі ғана емес, сонымен қатар өмір мектебі, қарым-қатынас мектебі екенін айғақтайтын көптеген қызықты оқиғалармен бөліседі.

– Жалпы менің жұмысымда қызықты жағдайлар аз болған жоқ, – деп жалғастырады Вячеслав Станиславович. – Бес жыл бұрын қоймадан ескі сағатты тауып алып, қызметтестермен бірге оны қалпына келтіреміз деп шештік. Бұл механикалық жолмен жүретін сағатты қалпына келтіру – бізге сондай қызықты тапсырма болатын. Біздің қозғаушы күшіміз тек техникалық қызығушылықта ғана болмады, біз сонымен қатар станция ардагерлеріне сыйлық жасағымыз келді. Өйткені энергетиктердің аға буыны әрқашан сондай сағатқа қарап уақытты білетін. Бұл жұмысшылар кіріс-шығыс станциясына келгендегі дәстүр еді. Біз бұл жұмысты сәтті атқардық. Мен қазір де жастарды қызықты және пайдалы жобаларға тартуға тырысамын. Мысалы, жақында біз өте маңызды және қажетті жұмыс атқардық – біз 3-ЖЭО-ның қазандықтары мен турбоагрегаттарының құрылымдық схемасын жасадық. Мен болашақта да осылай жас мамандарға барынша көп уақыт бөлуге тырысамын…