Ұрпақты біріктіретін Наурыз: 3-ЖЭО қызметкерлері Өтеген батыр кентінің тұрғындарына осы көктемгі мейрамды сыйлады
Көктемнің күн мен түн теңелген күндері табиғат оянып, адамдар бір-біріне деген күлкі мен үміт сыйлаған кезде қала құраушы кәсіпорын – 3-ЖЭО Өтеген батыр кентіндегі үлкен мерекенің бір бөлігіне айналды. 3-ЖЭО-ның аудандық мерекелерге қатысуы нәтижесінде Наурыз мейрамы бірліктің нағыз нышанына айналды, себебі ол өнеркәсіптік алыптардың күш-қуаты тек энергияда ғана емес, сонымен қатар адам жүректерінің жылуында екендігін дәлелдеді.
Бұл 3-ЖЭО-ның өз жерлестермен жақсылықты бөлісудің керемет дәстүрі. 3-ЖЭО қызметкерлері таң атпай тұрып мерекеге дайындала бастады. «Таңғы сағат 5-те жұмысқа келіп, 50 литр наурыз-көже, көптеген бауырсақтар, шелпек, қазы және үлкен қазан ішіне палау дайындадық. Үстел үстінде жент те, құрт та, қытырлақ нандар да, ірімшік те, яғни біздің дастарханымыздың атақты тамақтарының барлығы болды!» – деп станцияның химиялық талдау зертханашысы Айнұр Қожаева мақтанышпен айтуды.
Кәсіпорынның шатырлары тартылыс орталығына айналды. «200-ге жуық адамды тамақтандырдық. Әрбір қонақ тойып шығып, жылы сөздерін айтып жатты», – дейді оның әріптесі Ұлбосын Бегжанова.
Станция ардагерлері жақындаған кезде шатыр ерекше жылулыққа толы болды. 40 жылға жуық өмірін осы 3-ЖЭО-ға арнаған, Отын-көлік цехы бастығының бұрынғы орынбасары Василий Минин: «Мен бұл ерекше күнді жыл сайын әріптестеріммен кездесіп, жастық шағымды еске алу үшін қатты күтемін. Станция бұл – менің өмірім, ал Наурыз – өткен мен бүгінді байланыстыратын нағыз мереке» – деп жеткізді ол.
Станцияның кәсіподақ комитетін 10 жыл бойы басқарған, іс-шаралардың бұрынғы ұйымдастырушысы Надежда Ниденталь күлімсіреп былай дейді: «Бұрын мен осы үстелдерді өзім жаятынмын. Енді қазір қонақ ретінде келіп жүрмін және осы салт-дәстүрдің тірі екендігін көргенімде жүрегім қатты қуанып кетеді. 3-ЖЭО мен үшін әрдайым екінші үй болып қала береді».
Шаруашылық меңгерушісі Марина Авраменко наурыз көжені ардагерлерге арналған ыдыстарға жеке өзі құйып беріп отырды: «Олар бос ыдыстарымен келіп отырды, ал мен болсам олардың ыдыстарын наурыз- көжемен ғана емес, сонымен қатар жүрек жылуымен де толтырып отырдым. Құшақтастық та, күлдік те, энергиямен де бөлістік. Бұл кез келген сөзден де қымбат деп ойлаймын».
3-ЖЭО өзінің аймақтағы рөлін жарықпен және жылумен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қуаныш тудыратын станция ретінде екенін дәлелдеді. 3-ЖЭО зертханашысы Әйгерім Бекқазы: «Тұрғындар үшін дастархан жаю – біздің игі дәстүріміз. Бұл күндері біз станция жұмысшылары емес, адамдарға өз жүректерінің бір бөлігін сыйлағысы келетін үлкен отбасымыз».
Мереке аяқталды, бірақ оның жаңғырығы балалардың күлімсіреулерінде, аға ұрпақтың ризашылығы мен ортақ естеліктерінде қалды. «Мұндай сәттер бізді – бір халықтың, бір жердің бір бөлігі екендігімізді еске салып отырады. Біздің кәсіпорындар осындай игі дәстүрлерді қолдаған сайын, Наурыз мерекесі тек күнтізбеде ғана емес, сонымен қатар адамдардың жүрегінде де өмір сүретін болады», – деп түйіндеді ұйымдастырушылар.
3-ЖЭО шынайы қуат – ол тек турбиналардан ғана емес, сонымен қатар маңайымыздағы жақын жүргендердің барлығына жылу бере алатындығымыздан туындайтындығын дәлелдеді. Осы Наурызда егілген игі тұқымдар жаңа ұрпақтың жүрегінде өсіп-өнсін.