Ұрпақты біріктіретін еңбек
Артқа
26.09.2025

Ұрпақты біріктіретін еңбек

«АлЭС» АҚ-да энергетика саласына өзін арнаған адамдардың орны ерекше. Олардың білімі, тәжірибесі және дамуға деген ұмтылысы – компанияның болашағының іргетасы. Сондықтан да АлЭС қызметкерлерінің республикалық «Еңбек жолы» байқауына қатысуы – жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар ұжым үшін зор мақтаныш болды.

Алматы қаласы бойынша өткен байқаудың өңірлік кезеңінде «Ең үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша құрметті 1-орынды Безрук отбасы жеңіп алды. Үш ұрпақ, екі жүз жылдан астам жалпы еңбек өтілі, іске адалдықтың ондаған тағылымды тарихы – бұл жай ғана сандар емес, энергетика саласының тірі шежіресі.

– Энергетика әрдайым біздің отбасымыздың бір бөлігі болып келді. Әжем мен атам өте еңбекқор жандар еді. Әкем – Безрук Виктор Владимирович – маған және менің сіңілім үшін энергетикаға деген сүйіспеншіліктің, кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі болды. Өкінішке қарай, ол зейнетке шығуына небәрі сегіз ай қалғанда өмірден өтті. Ал ағама, қазір зейнетте болса да, әлі күнге дейін кеңес сұрап келетіндер көп. Мен сіңіліммен бірге әулетіміздің еңбек жолын жалғастырып келеміз және болашақта балаларымыз да осы жолды таңдайды деп үміттенемін. Елімізге және энергетика саласына өркендеу тілеймін. Республикалық кезеңде біздің әулетті таныстыратын боламын және жеңіске сенемін, – деп бөлісті династияны таныстырған Мария Николенко (Безрук).

«Энергожөндеу» ӨЖК өндірісті дайындау жөніндегі инженері Жанерке Панарханқызы «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша 2-орын иеленді. Оның еңбек жолы – кәсіби жолын енді ғана бастаған жастар үшін шабыт беретін жарқын үлгі.

– Бұл марапат – әр адамның өзін көрсетуге мүмкіндігі бар екенінің дәлелі. Жынысына қарамастан, кез келген жан өзін энергетика сияқты оңай емес салада да көрсете алады. Бұл салада әйелдер әзірге аз болғанымен, өз орнымды таба алғаныма қуаныштымын. Осындай маңызды саланың бір бөлшегі болғаныма мақтанамын және маған жігер берген қолдауларыңызға шексіз алғысымды білдіремін, – деп атап өтті Жанерке.

Біздің әріптестеріміздің жеңістері – бірнеше ұрпақ еңбегінің лайықты бағалануы және жас буынға деген сенімнің көрінісі. «АлЭС» дәстүрлерді құрметтеп, бастамаларды қолдап, кәсіби дамуға жаңа жолдар ашуда. Өткен мен болашақ арасындағы осындай байланыс компанияның алға нық қадам басуына негіз болады.

«АлЭС» АҚ-да энергетика саласына өзін арнаған адамдардың орны ерекше. Олардың білімі, тәжірибесі және дамуға деген ұмтылысы – компанияның болашағының берік іргетасы. Сондықтан да «АлЭС» қызметкерлерінің республикалық «Еңбек жолы» байқауына қатысуы – ерекше оқиға болып, ұжым үшін мақтанышқа айналды.