Ұрпақтар энергиясы
Артқа
07.04.2025

Ұрпақтар энергиясы

Каскад ГЭС электр механикалық цехы бастығының орынбасары Олег
Чеснаков өз еңбек жолы туралы айтты

Мен алыс 60-шы жылдары энергетиктер отбасында дүниеге келдім, ал ауыл аты ГЭС-2 деп аталды. Менің ата-анам ГЭС-2 гидро электр станциясында жұмыс істеп, оған қызмет көрсетті. Анам – Чеснокова Валентина Михайловна ГЭС-5 гидротехникалық құрылысына қызмет көрсететін жұмысшы болып жұмыс істеді. Әкем – Чесноков Виктор Павлович электр цехының зертханасында техник болып жұмыс істеді, ол ГЭС-2 қорғанысы мен автоматикасын монтаждаумен және реттеумен айналысты.

Біздің кәсіпорын ұсынған пәтерде қызметтік телефон орнатылған болатын, соған байланысты әкем күн мен түннің кез келген уақытына қарамай, ақау болған жағдайда жедел қызметкерлердің жұмысын үйлестіріп отыратын. Мен оның құрал-жабдықтарды жетік білетінін мақтан тұтынатынмын.

Мектепті бітіргеннен кейін мен Алматы Энергокұрылыс Техникумын (АЭҚТ) бітірдім. Бөлу бойынша ОАЭМ трестіне ІҚБУ тобына жіберілдім. Менің жылу-механикалық жабдықтарын ретке келтіру жөніндегі еңбек қызметімнің ауқымы бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанды қамтыды. Маған жас кезімде іссапарларға бару, жаңа жабдықтарды үйрену, адамдармен танысу қызықты болды. Бірақ, бір кездері мені үйге қайта тарта бастады. «АлматыЭнерго» бірыңғай жүйесінің арқасында мені 1994 жылы Каскад ГЭС-ке ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Каскад ГЭС-ке келгеннен кейін, мен ГЭС-ті жоспарлы қайта құрумен айналысамын деген шартпен, станциялардың гидромеханикалық жабдықтарын пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер ретінде қабылдандым. Бірақ, 30 жыл өтсе де, ол жоспар осы уақытқа дейін жүзе асқан жоқ… Бірақ, қазіргі кезде «АлматыЭнерго», «АПК» болмаса да, ол «АлЭС»-те әлі де болса жоспарлануда.

Мен алғашқы жөндеулерімді бригада мүшесі ретінде бастадым, яғни жабдықтарды жинауға қанша уақыт, қанша қызметкер қажет болатынын, сонымен қатар қандай қиындықтарға тап болатынымызды түсіну үшін көптеген бөлшектеп құрастыруларға қатысуға тырыстым.

Негізгі және қосалқы гидротехникалық жабдықтарды жөндеуден басқа әлеуметтік және тұрмыстық мақсаттағы объектілерде: балабақшаларда, мектептерде, «Энергетик» пионерлік лагерінде қызметтер мен жөндеулер жүргізу, сонымен қатар, ауылды және Каскад ГЭС өндірістік үй-жайларын ауылшаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көптеген жұмыстар атқаруға тура келді. Қатты отынды пайдалана отырып жылумен жабдықтау, көптеген уақыт пен ресурстарды қажет етті.

Күнделікті өмірде, тұрмыста және өндірісте менің идеалым ретінде әкем – Виктор Павлович Чесноков болды және өмір бойы солай болып қала береді. Оның ережесі: «Жақсы бапталған механизмге тиіспесең, ол сені ешқашан ұятқа қалдырмайды. Жөні-жоқ шұқылай берме».

Менің алғашқы өндірістік тәлімгерім – прораб Евгений Михайлович Вельчинский схемаларды қалай оқу керектігін үйретті және теориялық базаны үйренуге күнделікті мәжбүрлетіп отыратын. Оның айтуынша, инженер – белгілі бір жабдықтың қалай жұмыс істейтіндігін білуге, түсінуге міндетті және адамдарда «неге басқаша емес?» деген сұрақ туындағанда, ол оның қалай істеу керектігін нақты түсіндіре алатындай болу керек.

Каскад ГЭС-те жұмыс істеген кезімде, мен тамаша адамдармен және өз ісінің мамандарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Олардың ішінде: механик О.К. Плотницкий, бас инженерлер: О.А. Арабок, Н.Ф. Белов, С.В. Галактионов; директор А.П. Шипошин, Б.У. Мұқаев, Б.А. Сабырқұлов; ЭМЦ бастығы Г.С. Семенов, жетекші инженер – ЭМЦ бастығы С.В. Киселев, АӨжБЦ бастығы С.В. Виницкий.

Мэтрлер зейнеткерлік демалысқа кетеді, ал олардың орнына сауатты жас ұрпақ келеді және келген жас ұрпаққа мен келесідей тілек айтқым келеді: «Жұмыс жабдықтары – бұл керемет нәрсе, бірақ біздің өміріміздегі ең құнды нәрсе ол – ақша мен лауазым емес, бұл – адам өмірі! Оларды сақтап қалу керек. Жабдықтарды жөндеуге, сатып алуға, ауыстыруға болады, ал адам өмірі болса, бір рет қана берілетін нәрсе!».

Бүгінде тек «темірді қағып», сомындарды бұрай білу жеткіліксіз. Олардың не істеп тұратындығын және не үшін қажет екендігін түсінетін мамандар қажет. Ал ол үшін кәсіби оқытуды жандандыру, жақсы техникалық базасы бар кәсіби училищелер желісін құру қажет. Жұмысшы мамандықтары бойынша дуальды оқытудан бас тарту керек. Бірақ мен жастарға: сіздердің күштеріңіз тек білімде деп ескертемін. Бұл өмірде тек білу ғана жеткіліксіз, сонымен қатар оның қалай және не үшін қажет екендігін түсіну керек.

Мектептерде:

– 3D-принтерлермен бірге токарлық білдектері бар шеберханаларды қайтару керек. Балалар болатты «сезініп», тінтуірмен басып отырсын;
– қолданбалы физика бойынша тапсырмалар: абстрактілі міндеттердің орнына «Өз үйіңнің, бақшаңның, учаскеңнің су қысымын есепте»;
– еңбек сабағында смартфондарға тыйым салу;
– өнертапқыштық ұсыныстар үшін гранттар бөлу: үздік дипломдық жұмыс бұл – зауытқа 100 000 теңге үнемдеген жұмыс;
– фабрика-зауыттық оқыту, ардагерлер жастарды білдекте жұмыс істеуге үйрететін зауыттар жанындағы цех-зертханалар;
– «Алтын сомын кілті» байқауы – аты жазылған құрал және Құрмет тақтасындағы фотосы.

Жастар:

Жеңіл жолдарды іздемеңіздер. Нағыз сиқыр – ол білім және құрылғыны іске қосу қабілеті. Сіздің жетістігіңіз – ол аурухана терезелеріндегі жарық және жылы үйлерде жүрген балалардың күлкісі.

… Ал мен ? «Коммунизм – бұл кеңес билігі және бүкіл елді электрлендіру» деген ұран бос сөз емес, мақтаныш деген үмітпен кетемін. Баршаларыңызға рақмет, Сіздер менің ең үздік мұғалімдерім болдыңыздар. Жаңа шеберлер сіздердің механизмдеріңізде аңызға лайық іздер қалдырсын.