Үнемдеу, ысырап етпеу: АлЭС-та Қағазсыз күн өтті
Артқа
20.06.2025

Үнемдеу, ысырап етпеу: АлЭС-та Қағазсыз күн өтті

2025 жылдың 19 маусымында «АлЭС» АҚ-да «Қағазсыз күн» акциясы өтті – бұл оқиға әрқайсымызға күнделікті әдеттерімізді өзгерту арқылы табиғатты қалай сақтауға болатынын еске салады.

Экологиялық күнге қолдау көрсеткендерге барлық өндірістік департаменттердің қызметкерлері мен Бас кеңсе қызметкерлері де қосылды. Қызметкерлер үлкен құлшыныспен қатысты: құжаттарды басып шығаруды шектеді, электрондық нұсқаларды қолданды, қарапайым қағаздарды жинап, бір-бірімен қарапайым әрі тиімді кеңестермен бөлісті.

– Бір тонна қағаз өндіру үшін 17 ағаш кесіледі, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Елена Давыдова. – Ештеңені өзгертпесек, бізді экологиялық апат күтіп тұр. Біз осыған сырттай қарап тұра алмаймыз.

Оның сөзіне 3-ЖЭО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Светлана Ермолина да қосылады:

– Біз тым ұзақ уақыт бойы «бізден кейін – мейлі топан су басса да бәрібір» деген ұстаныммен өмір сүрдік. Бірақ экожүйе бір-екі жылда қалпына келмейді – оған ондаған, тіпті кейде жүздеген жылдар қажет. Бүгін үнемделген әрбір парақ – орманды және Жердің тынысын сақтап қалудың мүмкіндігі.

«АлЭС» АҚ-да «жасыл» шешімдерге қарай маңызды қадам 2019 жылы жасалған болатын: «1С:Кәсіпорын» платформасында электрондық құжат айналымының енгізілуі қағаз тұтынуды едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

– Бір қарағанда, бұл жай автоматтандыру секілді көрінуі мүмкін. Бірақ егер біз осы жылдар ішінде үнемделген қағаз мөлшерін есептесек – тұтас орманның сақталғанын көреміз! – дейді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Салтанат Жанахметова. – Қазір біздің таңдауымыз бар: қоршаған ортаны қорғауды жалғастыру немесе бұрынғы әдеттерге оралу. Біз қоршаған ортаны қорғауды таңдаймыз.

Бұл акция табиғатты аялау – тек сөз жүзіндегі ұран емес, әркімнің қолынан келетін нақты әрекет екенін тағы бір мәрте еске салды. Мұндай әрекеттерді тек жұмыс орнында ғана емес, үйде де жасауға болады: электрондық түбіртектерді қолдану, жазбаларды қағазға емес, телефонға жазу, қағаз қалдықтарын тапсыру және артық материалдарды басып шығармау – оңай, бірақ өте тиімді.

«АлЭС» АҚ қазірдің өзінде «Бізден кейін не қалады…» атты макулатура жинау бойынша экологиялық кампанияны жүзеге асырып жатыр, ал «Қағазсыз күн» осы ортақ іске – болашақты сақтау жолындағы тағы бір үлес болды.

Күнделікті кеңестер: қағазды қалай үнемдеуге болады.

Кеңседе:

  • Құжаттар мен хат алмасуда электрондық форматқа көшіңіз;
  • Қос бетке басып шығару режимін пайдаланыңыз;
  • Тек қажетті жағдайда ғана басып шығарыңыз;
  • Қағаздың шимай (қаралау) нұсқаларын қолданыңыз;
  • Қолданыстан шыққан қағазды макулатураға өткізіңіз;
  • Құжаттарға электрондық қолтаңба қойыңыз.

Үйде:

  • Шоттар мен түбіртектерді онлайн алыңыз;
  • Жазбаларды телефонда жүргізіңіз;
  • Қайта пайдалануға болатын сөмкелерді қолданыңыз;
  • Қағаз қалдықтарын қайта өңдеуге өткізіңіз.

«АлЭС» АҚ-да: барлық өзгеріс кішкентай әрекеттерден, яғни әрбір қағаз парағын, су тамшысын, ресурсты үнемдеуден басталатынына сенімді. Егер бәріміз бірігіп әрекет етсек, болашақ ұрпаққа өмір сыйлайтын табиғатты сақтап қала аламыз. Сіздің әрбір саналы қадамыңыз – ол сіздің ертеңгі таза, әрі жасыл болашаққа қосқан үлесіңіз.