Үлгі болып шабыттандыру
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі, Айдос Масиралиев «АлЭС» АҚ туымен «Race Nation Shymbulak» тосқауылдармен жүгіріс мәре сызығын кесіп өтті.
Жетістіктерін өз компаниясына арнау Айдос үшін дәстүрге айналды. Жақында ғана ол Алматы шыңына (Комсомол) көтерілу «Альпиниадасына қатысып, оның шыңында «АлЭС» АҚ туын көтерген болатын. Сол кезде АлЭС туын өзімен бірге алғандығы туралы айтқанда, ол «әр үйде жарық пен жылу болуы үшін халық игілігіне ондаған жылдар бойы қызмет атқаратын компанияның бар екенін көрсету маңызды болды» деді.
Бұл жолы жарыс қашықтығына шыққанда, ол өзі үшін жаңа сынақ
қабылдады. Жарысты «Экстремальная Атлетика» АҚ және «Chimbulak Development»
ЖШС ұйымдастырды. Ұсынылған қашықтық тосқауылдарымен 2 км құрады. Айдос қатысқан «Elite» санатында 17 тосқауыл қарастырылған. Олар әртүрлі жасанды кедергілерден тұрды: ағаш және металл құрылмалар. Оларды өту мүмкіндіктері шектелмеді. Сонымен қатар жас санаттары да қарастырылмады.
– «Альпиниадан» кейін жарысқа мен үш аптаға жуыр дайындалдым, – дейді Айдос. – Мен үшін бұл қашықтықта ең ауыры тік өр болды. Ал қалғанын жеңіл өттім. Менің мәредегі уақытым 22 минут 03 секундты құрады. Бұл 200 қатысушының ішінде 69-орын. Қашықтықтағы ең үздік көрсеткіш емес, бірақ бұл менің алғашқы жарысым. Бірінші рет үшін бұл өте жақмы көрсеткіш деп ойлаймын. Маған әлі де дайындалу қажет, бұл бағытта өзіммен жұмыс істеу керек. 10-тамызда өтетін Айқарағайдағы негізгі жарысқа 5 км қашықтыққа қатысып, жақсы көрсеткіштерге жетуге ойым бар.
Алайда, «Race Nation Shymbulak» ұйымдастырушылары Айдос сияқты мақсатты қатысушыларға үміт арттырып және өздерінің негізгі міндеттерінің қатарына бұқаралық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру жатады. Қазақстанда тосқауылды жарыстарды, ішкі және сыртқы туризмді дамыту сияқты ауқымды міндеттер де бар. Аңызға айналған «Race Nation Shymbulak», сонымен қатар «Race Nation Kazakhstan 2024» жарысы «OCR Kazakhstan» атағы мен белгісін алуға арналған жарыс сиясына кіреді. Бұл энергетик Айдос Масиралиевтің мақсаттарының біріне айналуы мүмкін.
– «Race Nation Shymbulak» қашықтығында мен өзімнің қандай құрметті орынға ие болғанымды білмедім, бірақ өзім үшін ары қарай жаттығамын деп шештім, – деп жалғастырды спортшы-энергетик. – Мен үшін жүлдері орын әрқашан мақсат бола бермейді: мен бұны жастарды спортқа, салауатты өмір салтына тарту үшін істеймін. Жастар белсенді және спорттық болуы қажет. Әсіресе біздің компанияның жас жұмыскерлері. Менің жетістіктерім әріптестерімді де қызықтырады деп сенемін.