Төрт түсті жиектастар және бір үлкен мағына
Артқа
10.06.2025

Төрт түсті жиектастар және бір үлкен мағына

Маусымның ыстық таңы, қылқаламдағы жаңа бояулар, ашық түстер мен жүздеріндегі күлімсіреулер – «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінде сенбілік осылай басталды

2025 жылдың 5 маусымында, таңертеңнен бастап «Эдельвейс» аумағында ерекше жандану орнады. АлЭС-тың елуден астам жас қызметкері мен АЭжБУ студенттері жыл сайын жазда жүзден астам бала демалатын лагерьді тәртіпке келтіру үшін бірікті. Қызыл, жасыл, сары, көк бұл – жай ғана бояу емес, бұл – жастардың және бей-жай емес тұлғалардың қолымен жасалған қамқорлығы, бірлігі мен ортақ болашағының нышаны.

«Эдельвейс» балалар сауықтыру лагері – бұл АлЭС-тің әлеуметтік өмірінің маңызды бір бөлігі. Мұнда жыл сайын энергетиктердің 400-ден астам баласы сауығады, ал лагерь аумағын тазалайтын қатысушылар мұны қамқорлық миссиясы ретінде қабылдайды. Сол күні лагерь аумағындағы қақпалар, барлық жиектестар боялды, оған ашық түстер – қызыл, жасыл, сары және көк бояулары қолданылды, сонымен қатар көптеген қоқыстар жиналды. Ауа райы қапырық болды, күннің ыстығы да аяған жоқ, бірақ осындай қиыншылық біздің командалық рухымызды және ортақ мақсатымызды одан да ары нығайта бастады.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО РҚА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері Батралы Айдаралы:

– Сенбілік керемет достық пен ұйымшыл атмосферада өтті. Жұмыс көп болды, бірақ бәрі нақты бөлініп, ешкім шетте қалмады. Ал осының барлығы жағымды шай ішумен аяқталды – ұсақ-түйек болса да, осының өзі бізді кәдімгідей жылытып жіберді ! – деп өз әсерлерімен бөлісті ол.

Іс-шарада сенбілікке қатысқан Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері ерекше орын алды. Бұл жай ғана еріктілер емес, бұл осы саланың болашағы. 2024 жылы «АлЭС» АҚ мен АЭжБУ ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойды. Енді студенттер компанияның өндірістік департаменттерінде тәжірибеден өтуге, ал олардың үздіктері болса – Генуя университетінде (Италия) тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алады. Бұл – жас мамандарды халықаралық даярлауға, жұмыс істеп тұрған энергия объектілерінде еуропалық тәжірибені зерделеу бағытындағы нақты жасалып жатқан қадамдар.

«Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша оқитын АЭжБУ 3 курс студенті Байсерік Алдияр:

– Біз осындай берліген мүмкіндік үшін шын алғысымызды білдірміз. АлЭС тек студенттерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар компанияның өміріне де шынайы тартуда. Сенбілікке қатыса отырып, біз өзімізді үлкен және маңызды істің бір бөлігі ретінде сезіндік».

Оның курстасы Нұрдәулет Махсот былай деді:

– АлЭС қызметкерлерімен бірге жұмыс істей отырып, біз осы жерді өз мансабымызды құрғымыз келетін орта екенін сезіндік.

Жұмыс және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Мамраева Бикенсулу екінші жыл осы сенбілікке қатысуда, ол:

– Бұл өте керемет дәстүр. Біздің қасқан үлесіміз лагерьді әдемі, әрі жайлы ететінін білу бізді қатты қуантады, себебі бұл – балалар үшін, болашақ үшін жасалған қызмет.

«Эдельвейстегі» сенбілік – бұл «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының еңбек іс-шарасы ғана емес, сонымен қатар ол – мағынаға, қамқорлыққа, командалық жұмысқа және болашаққа деген үмітке толы күн болды. Осындай кезде: АлЭС – бұл тек энергетика ғана емес, сонымен қатар ол адамдардың энергиясы екендігі ерекше сезінеді.