«Таза су – қамқорлық белгісі»: «АлЭС» АҚ-да жайлылық пен денсаулық жобасы іске қосылды
Артқа
19.03.2025

«Таза су – қамқорлық белгісі»: «АлЭС» АҚ-да жайлылық пен денсаулық жобасы іске қосылды

«АлЭС» АҚ-да энергиялық нысандардың үздіксіз жұмысына ғана емес, жұмыскерлердің денсаулығы мен ыңғайлылығына да қамқорлық көрсетеді. Бұған барлық өндірістік алаңдарда 42 заманауи ауыз су фонтандарын орнату бойынша ауқымды жобасы дәлел болды. Жаңашылдықты бірінші болып А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жұмыскерлері бағалады, онда таза суы бар 10 нүкте іске қосылды.

Әр фонтан 5000 тонна су тазалау мүмкіндігі бар сүзгілермен жабдықталған. «Бұл жай ғана суы бар нүктелер емес, бұл сапа кепілдігі. Сүзгілерді, жүктемеге байланысты, уақтылы ауыстырып тұрамыз», – дейді Күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы, Мақсат Талғатұлы. Бірақ қызметкерлер пайдасын сезінгенге дейін, тобымыз коммуникацияларды тарту, тіпті кейбір учаскелерге су және кәріз желілерін нөлден бастап өткізу, сияқты күрделі мәселелерге тап болды. «Өз күшімізбен, екі аптада жұмысты аяқтап шықтық. Енді жүйе сағат тәрізді жұмыс істеп тұр», – деп Мақсат мақтанышпен атап өтті.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жұмыскерлері жаңашылдықты бағалап үлгерді. «Бұрын суға алысқа баратын едік, ал қазір фонтандар қол жетім жерде. Күніне 5 литрге жуық су ішемін: жұмысымыз ауыр болғандықтан, сусыз мүмкін емес», – деп бөлісті турбиналық цехтың слесарі, Нұрлан Сүлейман. 2-ЖЭО-да орнатылған нүктелер дизайны ұжымды аса қуантты: өндіріс атмосферасына эстетика қосып, иілгіш мәрмәрмен безендірген. Айта кететін жәйт, бұл дизайнды станция жұмыскерлерінің өздері ұсынған. «Сенің жағдайынды ойлаған қандай керемет. Су өте дәмді, өзіме толтырып алып, күніне 1,5л ішемін», – деп күлімсірейді химиялық цехтың ауысым бастығы, Айнұр Дәулетәлиева.

Бұл жоба техникалық шешімдердің қамқорлыққа айналуының мысалы болды. «Басшылық біздің денсаулығымыз бен жайлылығымыз басымдылыққа ие екенін көрсетті. Бұл ынталандырады», – дейді жұмыскерлер. Ал цехтарда қызмет атқаратын жұмыскерлер үшін, ыстық күндері және қызу жұмыс кезінде фонтандар нағыз құтқарушылар болды.

2-ЖЭО-да барлық нүктелерді орнату аяқталды, ал наурыз айының соңына дейін «АлЭС» АҚ-дағы өндірістік департаменттердің барлық 42 фонтаны қызметкерлерге қызмет көрсететін болады. «Бұл тек бастамасы ғана. Келесі қадам – басқа демалыс аймақтарын жаңғырту», – деп хабарлады компанияда.

Жоба суға қол жеткізу мәселесін шешіп қана қойған жоқ – ол, әрбір жұмыскерді бағалайтын, «АлЭС» АҚ мәдениетіндегі тағы бір кірпіш болды. Шынында да, бір жұтым таза су сияқты нәрсенің өзі – еңбек күнін жарқыратып, команданы одан да ұйымшыл етеді.