Таза өзен – таза жан: АлЭС экологияға өз үлесін қосуда
2025 жылғы 5 маусым – Эколог күнінде «АлЭС» АҚ экологтары табиғатқа деген сүйіспеншілік – ол тек сөздер ғана емес, ол нақты әрекеттер екенін тағы да дәлелдеді. «#Таза өзен – таза жан деген сөз» ұраны бар экологиялық акциясы аясында олар көркем Алма-Арасан шатқалындағы Проходная өзені бойының аумағын тазалау бойынша көшпелі сенбілік ұйымдастырды.
Бұл экологиялық сапар жақсы дәстүрге айналды. Идея қарапайым: кәсіби мерекені қоршаған ортаға қамқорлықпен біріктіру, туған табиғаттың тазалығына үлес қосу және қоғамның оған жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын есіне салу.
– Проходная өзені – бұл жай ғана табиғи объект емес. Бұл өмір көзі, қала экожүйесінің бөлігі және алматылықтар үшін сүйікті демалыс орны. Бірақ, өкінішке орай, оның жағалауы қоқыстан жиі зардап шегуде. Біз шетте қала алмадық, – дейді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері, Салтанат Жанахметова. – Суайдындарының ластану мәселесі – бүкіл адамзаттың алдында тұрған қиындық.
Акция қорытындысы бойынша АлЭС жұмыскерлері 20 қап қоқыс жинады. Пластикалық қалдықтар басым болды: шөлмектер, пакеттер, асхана аспаптары, сондай-ақ шыны сынықтары, тұрмыстық қоқыстар және тіпті памперстер.
– Ең таң қалдырғаны бірреттік пластиктің мөлшері. Мұның бәрі адамның немқұрайлылығының салдары. Бірақ тіпті бір лақтырылған пакет жануарларға зиян тигізіп суды ластауы мүмкін. Біз қоршаған әлемге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек, — деп атап өтті басқарманың бас маманы, Айнель Құрманбаева.
– Біздің акция тек жинау ғана емес, сонымен қатар пластикалық ластану мәселесіне назар аударудың тәсілі. Біз мұндай бастамалар басқаларды өзгеріске шабыттандырады деген сенімдеміз, – деп қосты Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС инженер-экологы, Меруерт Чимбаева.
Сонымен қатар экологтар пластикалық ластануды азайтуға көмектесетін шараларды еске түсірді:
- пластикті қайта өңдеу;
- бірреттік пластикалық өнімнен бас тарту;
- экологиялық мәдениетті ерте жастан ағарту және тәрбиелеу.
Олардың сөздері Жерді ғарыштан көріп, оның нәзіктігі мен сұлулығын түсінген атақты қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ойларымен ерекше үндеседі: «Жер – бір үлкен кеме, біз бәріміз – бір экипаждың мүшесіміз. Ортақ үйімізді сақтайық!»
«АлЭС» АҚ эко-сенбілікке қатысқан барлық жұмыскерлерге алғыс білдіреді. Біз үшін экологиялық жауапкершілік тек кәсіптің бір бөлігі ғана емес, маңызды құндылық екенін мақтан тұтамыз.