Танымдық… марапат
Осы жылдың мамыр айында «АлЭС» АҚ жұмыскерлері және қоса атқарулары бойынша – «Жылу энергетикасы» кафедрасының Energo University магистранттары «Supros Engineering and Supply» компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде шығарындыларды азайту мен қоршаған ортаны қорғаудағы оқшаулаудың маңыздылығы тақырыбы бойынша үздік ғылыми мақаланы дайындау конкурсына қатысты.
Олар, үздік авторлар қатарына кіріп, марапат ретінде жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауытқа жолдама алды. Қыркүйек айында «АлЭС» АҚ байқауға қатысушы жұмыскерлері Челябинскідегі Saint-Gobain халықаралық өнеркәсіптік компанияның зауытына барды.
– Біз Saint-Gobain халықаралық өнеркәсіптік компанияның филиалдарының бірінде жылу және шу оқшаулау өндірісіне бардық, – деп нақтылады Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеулер қызметінің 2-санатты инженері, Әлішер Телтай. – Менің назарымды аударған бірінші нәрсе – компанияның клиенттермен өзара әрекеттесуінің жоғары деңгейі. Кері байланысқа ерекше назар аударылады: компания пікірлермен, әсіресе келеңсіздіктермен белсенді жұмыс істейді, негізгі клиенттерге барады және бәсекелестермен салыстырмалы сынақтарда өз өнімдерін мұқият талдайды.
Бірақ Алматылық инженерді бұзылған компоненттер мұражайының болуы ерекше қызықтырды, онда жұмыс істемей тұрған күнін, уақытын және себептерін көрсете отырып, істен шыққан түрлі бөлшектер ұсынылған. Сондай-ақ, Әлішер Телтай жұмыскерлерді ынталандыру жүйесіне назар аударады.
– Мұнда ауысымдар арасында өндірістік жарыстар өткізіледі, олардың женімпаздары танылады, – деп жалғастырады ол. – Сонымен қатар, компания жыл сайынғы ашық есік күнін ұйымдастырады, онда жұмыскерлердің отбасылары өндіріспен танысып, корпоративтік бірлік атмосферасын сезіне алады. Компанияның тұрақты дамуға баса назар аударғанын атап өткен жөн. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, бұл әсіресе қазіргі уақытта өзекті. Жалпы, зауыт кемелдікке ұмтылу, жұмыскерлер мен клиенттерге назар аудару және тұрақты даму арқылы жағымды әсер қалдырды. БЖК қазандық цехының қазандық машинисі Мұхаммед Қуан сапардан өзі үшін көптеген танымдық және пайдалы нәрселерді алды.
– Біз жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдарды өндіру процесін тікелей өндіріс орнында байқадық, – деп бөлісті Мұхамед Қуан – біз олардың сапасын жақсартуға бағытталған тиімді технологияларды көре алдық. Жұмыс орнындағы тазалық пен еңбекті қорғаудың маңызды қағидаттарына ерекше назар аударылды. Ескірген технологияның орнына компания жаңа тәсілдерді қолданатынын байқадым. Бұл жыл сайын өз жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компания клиенттерден белсенді түрде кері байланыс алады, олардың бағаларын ескереді және кемшіліктерді жою үшін жұмыс істейді.
Шығарындыларды азайту мен қоршаған ортаны қорғаудағы оқшаулаудың маңыздылығы туралы ғылыми-көпшілік мақалалар байқауына персоналды даярлау бөлімінің маманы Гаухар Темірова да қатысты. Сондай-ақ, жүлдегерлер қатарына кіріп, ол Supros компаниясының Saint-Gobain зауыты өндірісіне жасалған сапарға қатысты.
– Бізге өндірістік процестерді көруге және оқшаулағыш материалдарды сынауға қатысуға мүмкіндік туды, – дейді Гаухар Темірова. – Сапар барысында біз өндірістегі инновациялар мен экологиялық стандарттар туралы құнды білім алдық. Бұл біздің болашақ зерттеулерімізге және кәсіби дамуымызға негіз болады. Мұндай тәжірибе болашақта табысты жобаларға серпін беретіні сөзсіз.
Supra Engineering and Supply Supros компаниясының өкілі PR менеджер, Шолпан Аманчиева өз кезегінде былай дейді:
– Біз бірге дамып жатырмыз. Supros үшін – тұрақты даму – біз күн сайын жүретін жол болып табылады. Біздің жылу оқшаулау және энергия тиімділігі саласындағы көпбасшылыққа деген ұмтылысымыз планетаны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізу арқылы күшейтіледі. Сондықтан ертен прогресті қозғайтын жас мамандарды қолдау – бұл біздің қоғам мен планета алдындағы жауапкершілігіміздің бір бөлігі. Біз оларға табысты мансап жолында көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз, сонымен қатар тәжірибе мен білім алмасу арқылы өз процестерімізді жетілдіруді жалғастырамыз.