Табиғатты қорғаудың 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралары

Табиғатты қорғаудың 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралары

Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2025 жылға арналған келесідей негізгі іс-шаралар жоспарланды, оның ішінде:

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша:

Станциялардың қазан агрегаттарындағы күлтұтқыш құрылғылардың тазалау дәрежесін ұстап тұру, ауақыздырғыштардың кубтарын жөндеу және ауыстыру, қазан агрегаттарының оттықтарын, эмульгаторларды жөндеу жұмыстарын жүргізу, коррозияға қарсы жұмыстар, металл құрылымдарды, құбырларды, тозған қыздыру беттерін ауыстыру бойынша іс-шаралар, ПӘК-ті жоғарылату, қазан агрегаттарының технологиялық циклындағы бұзушылықтарды жою, отын беру күрежолын шаңсыздандыру, 1-, 2-, 3-ЖЭО қазан агрегаттарындағы, аспирациялық қондырғыларындағы режимдік-реттеу жұмыстарына қатысты іс-шаралар жоспарланып отыр. Барлық өндірістік департаменттердің санитариялық-қорғау аймағының шекарасында эмиссиялар мониторингі мен әсер ету мониторингін жүргізу және энергия мен отынды үнемдеу іс-шараларын орындау жоспарлануда.

Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар:

1-ЖЭО қазандық, турбиналық, химиялық цехтарында, тазалау құрылымдарында күл құбырларын, сорғылық жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл-қож қалдықтарын тасымалдау кезінде су ысырабын қысқарту бойынша іс-шаралар, 2-ЖЭО-дағы өндіріске арналған айналым жүйесін (багерлік жай, градирнялар) жөндеу, Қапшағай ГЭС-iндегi су сынамаларына санитарлық-микробиологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Суды үнемдеуге қатысты іс-шараларды орындау жоспарлануда.

Жер ресурстарын қорғау, жер қойнауын, флора мен фаунаны тиімді пайдалану бойынша:

Күл-қож қалдықтары мен қойыртпақтың төгілуін болдырмау үшін тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарын көгалдандыру, 1-ЖЭО-дағы жасыл желек алаңдарын ұлғайту, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО тозып кеткен аумақтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік бойынша:

1-, 2-, 3-ЖЭО күл үйінділерінің шаңдануына жол бермеу, 1-, 2-, 3-ЖЭО, БЖК, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» ӨЖК департаменттеріндегі макулатураны, қатты тұрмыстық қалдықтарды, құрамында сынабы бар шамдар мен басқа да қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға өткізу іс-шаралары жоспарлануда.

2025 жыл ішінде макулатура өткізу бойынша «Бізден кейін не қалады…», пайдаланылған тұрмыстық батарейкаларды өткізу бойынша «Разрядтал!» экологиялық челлендждері, «Жер сағаты» экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда.

Походная өзенін тазарту, өндірістік департаменттердің санитарлық-қорғау аймағында ағаш отырғызу бойынша көшпелі акциялар жоспарланып отыр.