Сіз «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатыстыңыз ба?
Экологиялық челлендждің бірінші кезеңінен өту туралы өз пікірлерімен «АлЭС» қызметкерлері бөлісті
«АлЭС» АҚ-ның 15 қызметкері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған экологиялық челленджге қатысты. 4-13 шілде аралығында өткен челлендждің бірінші кезеңі сенбіде аяқталды және компанияның жас мамандары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Бірінші аптада қатысушылар күн сайын бір жаңа экологиялық әдетті енгізе отырып, тізімде берілген тапсырмаларды орындады. «АлЭС» АҚ жас қызметкерлері челлендждің бірінші кезеңі туралы өз әсерлерімен бөлісті:
1-күн: жұмыс кеңістігін ұйымдастыру
Иембергенова Ақерке, Батыс жылу кешені Кадрлар секторының бас маманы:
«Мен «Таза Қазақстан» челленджі туралы біліп, челлендждің қағидаларымен танысқаныма өте қуаныштымын. Өйткені, тазалықты сақтаудың жақтаушысымын. Анам маған әрқашан тазалық адамның өзінен, оның айналасынан басталады деп айтатын. Сондықтан «Жұмыс кеңістігін ұйымдастыру» челленджінің бірінші күнінің шарттары мені таң қалдырмады және қиынға соқпады. Мен жұмыс орнында тәртіпсіздік пен визуалды шу болмас, жұмыста ештеңе алаңдатпас үшін арнайы органайзерлер сатып аламын. Қуана – қуана фото және видео есеп түсіріп, Instagram-да жарияладым. Осыны әдетке айналдыру туралы бірнеше идеяларым бар. Осы челленджді ұйымдастырушыларға үлкен рахмет».
2-күн: Қоқыс – бөлек!
Тлеухан Айзада, персоналды даярлау бөлімінің бас маманы:
«Экочеллендж басталды, оның мақсаты белсенді жастарды шабыттандыру, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды сұрыптау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Екінші күннің тапсырмасы маған қатты ұнады. Қолда бар материалдардан қоқысты пластик пен макулатура деп бөлу үшін екі қорап жасадым. Менің идеямды әріптестер қолдап, осы акцияға қосылғанына өте қуаныштымын. Әлемді өзгерту үшін адам өзінен бастауы керек екеніне сенімдімін
3-күн: Қайта өңдеу
Гульназ Мерембай, Каскад ГЭС Автоматика, өлшеу және байланыс цехының метрология жөніндегі инженері:
«Алғаш рет Мемлекет басшысының Тик-токтағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы тапсырмасын көрдім және бірден өндірістік департаментте акцияны қалай өткізу керектігі туралы идеялар пайда болды. Самұрық-Қазына қорынан челлендждің басталуы туралы хат алғаннан кейін мен ойланбастан тіркеуден өттім. Челлендждің үшінші күні «қайта өңдеуге» арналды. Мен «Sparklo» фандоматын сынап көрдім. Барлық бөтелкелерді жинап, оларды жақын жерге апардым. Әрбір пластикалық контейнер үшін мен серіктестерден жеңілдіктер мен купондарға немесе интернеттің гигабайттарына айырбастауға болатын 10 эко бонус алдым. Менің ойымша, фандоматтардың болашағы зор. Бұл пластик жинау арқылы табиғатты сақтаудың тамаша мүмкіндігі. Менің ойымша, фандоматтар біздің қала тұрғындары арасында танымал болады. Табиғатқа қамқорлық және қоршаған ортаны таза ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».
4-күн: Plastic – Free Day
Жанерке Панарханқызы, «Энергожөндеу» ӨЖК Өндірістік-техникалық бөлімі өндірісті дайындау жөніндегі инженер:
«Самұрық-Қазынадан Эко челлендж оң өзгерістерге қуат береді! Төртінші күн пластмассадан бас тартуға арналды, мен пластикалық бөтелкелерді пластикті қайта өңдеуге арналған арнайы машинаға тапсыруға қатысқанымды мақтан тұтамын. Қарапайым әдеттің қоршаған ортаға зиянды төмендетуге едәуір әсер ететінін көру қуаныш болды. Бұрыннан күнделікті өмірде шоперлер мен шыны бөтелкелерді пайдаланып, полиэтиленді ретсіз пайдаланудан аулақ болуға тырыстым. Осындай күндер табиғатымыздың сұлулығы мен тазалығын сақтау үшін маңызды. Ұйымдастырушыларға осындай мәнді челлендж үшін үлкен рахмет!»
5-күн: Көліксіз күн
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жөндеу және табиғатты қорғау цехының инженер-технологы Дина Әбдімәжит:
«Күн сайын таңертең қоғамдық көлікте жұмысқа барамын. Бұл жағымды және қолайлы, өйткені мен Абай көшесінде тұрамын, онда автобус жолағы бар, бұл маған кептелістен аулақ болуға және жұмысқа уақытында келуге мүмкіндік береді. Қоғамдық көлікті пайдалану ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза. Бұл ауа сапасын бұзбауға және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайтуға көмектеседі. Менің автобус таңдауым біздің қаланы таза етуге көмектеседі».
6-күн: Social Media Detox Day
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Электр техникалық зертханасының БӨҚжА инженері Әділет Әбілдаев:
«Челлендждің алтыншы күні таңертең телефонымда 20-30 минут қарау әдетімді тоқтатып, әдеттегіден бөлек әрекет жасадым. Мен осы челлендж тапсырмасын digital detox орындаудан бастадым Жұмысқа бара жатқанда құлаққаппен музыка тыңдамадым, бірақ таңертеңгі құстардың әнін, жапырақтардың сыбдырын, айналамдағы адамдардың дыбыстарын тыңдап ұнаттым, бұл маған ішкі тыныштық берді. Телефондағы белсенділігімді талдағаннан кейін мен әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлетінімді түсіндім. Жұмыста да әріптестеріме кем дегенде бір сағат бойы телефондарнан алшақтап, түрлі ойындар ойнауды ұсындым. Бүгіннен бастап мен жеке челленджді бастағым келеді, бір аптаға алаңдататын қолданбаларды жойып, оларда өткізетін уақытты біртіндеп қысқартамын».
7 -күн: жаппай Плоггинг
Дина Қарабалина, Адам ресурстары басқармасының бас маманы:
«Жетінші күні челленджге қатысқан барлық адамдар Үлкен Алматы өзенінің жанына жиналды. Бірнеше сағат ішінде жағалау аймағын тазартып, көп мөлшерде қоқыс жинадық. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, біз өз әрекеттерімізбен қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсеттік. Қаланы абаттандыруға өз күш-жігерімізді салғанымызды көрген алматылықтардың алғыс сөзін есту қуанышты болды. Бұл күн «АлЭС» АҚжәне «Самұрық-Қазына» АҚ басқа да компанияларының жас қызметкерлері экологиялық өзгерістердің қажеттілігі туралы айтып қана қоймай, өз қалаларына нақты пайда әкеліп, әрекет ететіндігінің символына айналды. Үлкен Алматы өзенінің аумағын жинау Алматының табиғи сұлулығын сақтауға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес болды».
Челленджге қатысушылар өздерінің жетістіктерінен шабыт алып, ұйымдастырушыларға экологиялық әл-ауқатқа нақты үлес қосуға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді. Челлендждің бірінші кезеңі барлық қатысушыларға атқарылған жұмыстар үшін қанағаттану мен мақтаныш сезімін сыйлады. Бірінші кезең танысу сипатында болды және бір аптаға созылды. Екінші және үшінші кезеңдер екі аптаға созылады және қатысушыларға қандай эко әдеттердің олардың өмірінің бір бөлігіне айналғанын анықтауға мүмкіндік береді.