Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-і: сенімділік пен экологияға арналған жөндеу науқаны
Өңірдегі «жасыл» энергияның негізгі көздерінің бірі болып табылатын Ш.Шөкин атындағы Қапшағай гидроэлектр станциясы Алматы мен Алматы облысын тұрақты және экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етуде өз ұстанымын нығайтуды жалғастырып келеді. Бұл жұмыстың негізі жабдықтарға қызмет көрсетудің қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік беретін жүйелі тәсілі болып қала береді.
2025 жылғы 3 ақпанда станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарды қамтитын жоспарлы жөндеу науқаны басталды.
– Жөндеулерге қатысты қолданылатын жүйелі тәсіл станцияның ұзақ жылдар бойы қызмет етуінің кепілі болып табылады. Біз қауіп-қатерлерді азайту және жабдықтар жұмысының тиімділігін арттыру үшін «АлЭС» АҚ бекіткен нормативтерді қатаң сақтаймыз, – деп атап өтті Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інің директоры Әлібек Тастанбеков.
Жөндеу науқаны жұмыстарының барысы:
– №1 гидроагрегат: күрделі жөндеу жұмыстары 11 наурызда станция қызметкерлерінің күшімен аяқталды;
– №4 гидроагрегат: 12 наурыздан бастап 7 сәуірді қоса алған уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр машиналық цех мамандары агрегат тораптарын, Т-4 күштік трансфораторы мен қосалқы жүйелерге жөндеу жүргізді. 7 сәуірде агрегат желіге қосылды;
– жоспарда: №2 және №3 гидроагрегат-тарды, Т-2, Т-3 трансформаторларын, сондай-ақ жалпыстанциялық нысандар мен гидроқұрылыстарды ағымдағы жөндеу.
– Әр жөндеу – станцияның болашағына салынған инвестиция. Біз қауіп-қатерлерге жол бермеу үшін жабдықтарды ұсақ-түйекгіне дейін тексеріп шығамыз, – деп атап өтті Электртехникалық зертхана бастығы Андрей Иванов.
Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-і өңірдің тұрақты дамуында негізгі рөл атқарып келеді:
– таза энергия: өңірде көміртегі іздері жоқ жұмыс атқару;
– тұрақтылық: Алматы қаласы мен Алматы облысының үздіксіз энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етеді;
– үнемдеу: жабдық ресурсын ұзарту жаңа құрылысқа арналған шығындарды азайтады.
ГЭС-тегі жұмыс – бұл болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Біздің міндетіміз – станция жабдықтарын сақтап, сенімді қолға табыстауда, – деп ой бөлісті Электр машиналық цех бастығы Александр Мирошниченко.
Әлібек Тастанбеков ұжымның кәсіби біліктілігі мен үйлесімділігі жөндеу науқанының барлық кезеңдерін табысты аяқтауға көмектесетініне сенімді.
– Барлық қатысушыларға жұмыста табыс пен сәттілік тілеймін! – деп қорытындылады сөзін станция директоры.
Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=HIhI8M4w2ZY