Сапа мен мерзім – «Самұрық-Энерго» АҚ бақылауында
2024 жылғы 22 шілдеде «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Кайрат Максутов аралап шықты.
Сапар барысында электр энергетикасы холдингінің басшысы Алматы компаниясының екінегізгі объектісіндегі: 3-ЖЭО және А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жұмыс барысымен танысты. 3-ЖЭО-те станцияның қайта құру жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Осы жерде ЕРС-мердігері мен «АлЭС» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, онда «Алматы 3-ЖЭО қайтақұру» жобасын іске асыру барысы туралы баяндамалар тыңдалды. Талқылау барысында ЖСҚ әзірлеудің заманауи шешімін тауып аяқтау және оны құрылыс алаңына шығару қажеттілігі атап өтілді.
А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-де Кайрат Максутов құрылыс алаңын аралап, орындалған жұмыстарға инспекция жүргізді, сонымен қатар ЕРС – мердігерінің, жобалау институтының,Тапсырыс берушінің инженерінің және «АлЭС» АҚ өкілдерінің баяндамаларын, тапсырмалардың орындалуы туралы есептерді тыңдады. Сондай-ақ бұрын берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері талданып, орындалған жұмыстардың көлемі бағаланды. Жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдерін сақтауға ерекше назар аударылды.
Нысандарды аралау қорытындысы бойынша осы жобаларды табысты іске асыру үшінбарлық қатысушылардың үйлестірілген іс-әрекеттері және белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауыталап етілетіні атап өтілді.