Санжар Саин: үлгі тұтатын қауіпсіздік энергиясы!
Артқа
05.06.2025

Санжар Саин: үлгі тұтатын қауіпсіздік энергиясы!

Каскад ГЭС ӨҚжЕҚ бойынша аға инспекторы, өмірді қорғайтын таңдау туралы тарихы бар, «Мен және АлЭС» корпоративтік байқауының жеңімпазы атанды.

«Мен және АлЭС» байқауының нәтижелерін мақтанышпен жариялаймыз! Қазылар алқасын жаулап алған және қауіпсіздік тақырыбына терең үн қосатын жеңімпаз біздің әріптесіміз – Каскад ГЭС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспекторы, Саин Санжар болды!

Неліктен Санжар Саин? Неліктен оның «қауіпсіздік энергиясы: бір таңдау тарихы» хикаясы жоғары бағаланды?

1. Жеке оқиға күші: Санжар Саин ережелер мен нұсқаулар туралы ғана айтып қойған жоқ. Ол өзінің жеке таңдауымен бөлісті – өзін еңбекті қорғауға және өнеркәсіптік қауіпсіздікке арнау таңдауы. Оның бейнебаяны – бұл жауапты лауазымның артында не тұрғаны туралы шынайы әңгіме: адам өмірінің құндылығын терең түсіну, ұжым мен оның отбасылары алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіну және біздің маңызды жұмысымыздың әр учаскесінде қауіпсіз орта құруға деген шынайы құмарлық.

2. Қауіпсіздік энергиясы жай сөз емес. Санжар қауіпсіздік оқыс оқиғалардың болмауы емес, белсенді, жасампаз күш екенін тамаша көрсетті. Бұл «энергия», ол: алдын алады, қорғайды, біріктіреді.

3. Кәсібилік және адалдық: Санжар бейнебаяны – бұл оның кәсібилігінің, ГЭС-тегі процестерді терең білуінің және қауіпсіздік мәселелеріндегі қағидалылығының айқын дәлелі. Ол ӨҚжЕҚ жөніндегі инспекторы болу тек жұмыс емес, бұл әріптестердің өмірін мен денсаулығын сақтау миссиясы екенін көрсетті.

4. Әр адамға мотивация: біздің күшіміз – жауапкершілікте. Өзің үшін, жодасың үшін, ортақ іс үшін жауапкершілік. Қауіпсіздік энергиясы ұжыммен өндіріледі.

Санжар Саинды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/shorts/jFzAGkSDMvQ