«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған VIII Спартакиадада «Самұрық-Энерго» АҚ командасы 2 орынды жеңіп алды.
Артқа
20.08.2023

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған VIII Спартакиадада «Самұрық-Энерго» АҚ командасы 2 орынды жеңіп алды.

Астанада Қордың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында VIII спартакиада аяқталды. «Самұрық-Энерго» электр холдингі» АҚ спортшылар командасы турнирде 6 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, екінші орынды иеленді. Энергетикалық спортшылар спартакиаданың бас жүлдесі – Суперкубокты жеңіп алған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ командасынан кейін екінші болды. Жеңімпаздардың үшінші орнын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ командасы иеленді.
Спорттың 11 түрінен өткен ауқымды жарыстарға қордың 16 компаниясының өкілдері қатысты. 250 мыңнан астам қызметкері бар Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушінің салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық шарасы 845 қызметкер мен олардың отбасы үшін нағыз мереке болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ командасында  өз спорт түрлері бойынша 1-орынды  мыналар иеленді:

–  Руслан Рахметов,  шахмат (Екібастұз ГРЭС-2)
–  Ульяна Каплич,  жүзу (Екібастұз ГРЭС-1)
–  Индира Байжанова,  армрестлинг, 65 келіден жоғары. (АЖК)
–  Кристина Гринченко,  армрестлинг, 65 келіге дейін. (Екібастұз ГРЭС-2)
–  Асық ату командасы  (Богатырь Көмір және АЖК спортшыларынан құрылған)
–  Арқан тарту командасы  (АЖК спортшыларынан құрылған)

2 орын:

–  Камила Ердякова,  үстел теннисі («Богатырь Көмір»)
–  Киберспорт командасы  (АлЭС спортшыларынан құрылған)

3 орын:

–  Магинур Латыпова,  тоғыз құмалақ (Богатырь Көмір).

«Үш күндік әсерлі мерейтойлық спорттық жарыс аяқталды. Біз «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығын тамаша корпоративтік рух пен бірлік таныта отырып, бүкіл ұжыммен атап өтуді бастадық. Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 1000-ға жуық қызметкер салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетті. Әріптестеріміз тек бәсекелестік рухын ғана емес, өзара сыйластықтың да үлкен үлесін көрсетті, нәтижесінде достық жеңіске жетті. Сегізінші Спартакиаданың суперкубок жеңімпаздарын құттықтауға рұқсат етіңіздер. Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін. Алға қойған мақсаттарымызға бірге жетейік, достар!», –  деп құттықтады «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік және еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов әріптестерін.

Спартакиаданың басты мақсаты – «Бір команда – бір мақсат!» ұраны аясында барлық қатысушыларды бір мақсат төңірегінде топтастыруға және жеңіске деген ұмтылысқа шақыра отырып, ұжымдағы корпоративтік мәдениет пен байланысты нығайту. Мұнай-газ, металлургия, энергетика, көлік және басқа да салаларда өздерін сенімді серіктес ретінде танытқан компаниялар әділ тартыста спорттағы жеңімпаздарды анықтады.

Жеңімпаздар спорттың жеке түрлері бойынша: үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг және жүзу, ал топтық спорт түрлері бойынша: футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт бойынша марапатталды. Жеңімпаздар туралы толық ақпарат VIII Спартакиаданың @spartakiada.sk әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.