Сахнадағы және жүректегі «Жылу»
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы арасындағы КТК: «АлЭС» бүкіл залды қалай позитивпен қуаттағаны туралы
2025 жылдың 23 мамырында сахна қайтадан электр қуат көзіне ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен рухани қуат көзіне айналды. Алматыда «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобының арасында корпоративтік КТК фестивалі өтті. «АлЭС» АҚ-ның «Тепло» символдық атауы бар командасы – бұл жай ғана жұмыс жасап қоймайтын, жанды жылытатын батарея сияқты. Олардың қойылымындарында көрсетілген әзіл, кәсіпқойлық пен бірлік – нағыз шоуды қалай құра алатындығының жарқын мысалы болды. Біздің жастар өз қойылымындарында тек жүректерін, таланттарын ғана емес, сонымен қатар бар өнерлерін ортаға салғанын көрсетті.
Жампозова Мөлдір, БЖК ӨТБ инженері, екінші жыл қатарымен КТК-ға қатысуда:
«Өткен жылмен салыстырғанда – биылғы жылғы КТК өте керемет деңгейде өтті! Біз шынымен де өте қатты дайындалдық. Себебі, біз тек дайындалап қана қоймай дауласып та, әзілдесіп те жүрдік. Залдағы атмосфера осыған тұрарлықтай керемет болды. Нағыз мереке. Үлкен рахат алдым. Сахнада көптеген жарқын эмоциялар, жылулық, позитивтілік пен бірлік болды!»
Евгений Краснощеков, команда капитаны, Каскад ГЭС ЖП жөндеу жөніндегі инженері:
«Мен КТК-ға алғаш рет қатысып, сахналық тәжірибені алып қана қоймай, сонымен қатар жаңа достарды да таптым. Мұндай іс-шаралар бізді біріктіріп қана қоймай, жақындата да бастады. АРБ қызметкерлері Қарабалина Дина мен Тілеухан Айзаданың қолдау көрсеткендері үшін өзімнің шексіз алғысымды айтқым келеді. Тіпті әділ қазылар алқасы мүшелерінің кейбірі күлмесе де, көрермендердің өздері түрегеп тұрып қол шапалақтады. Демек, біз бәрін дұрыс жасадық. Мен өз командаммен мақтан тұтамын».
Ілияс Жамбыл, ОҚТО ӨТБ жетекші инженері:
«КТК – бұл жай ғана әзіл емес, бұл жан туралы, адамдар туралы, өзара түсіністік туралы көрініс. Сахнадағы атмосфера – өте керемет болды. Біз барынша беріліп ойнадық, ал соған жауап ретінде көрермендер тұрып ду қол шапалақтады. Бұл баға жетпес сезім».
Диас Жиенқұлов, БЖК электр монтері:
«Мен үшін осындай жарысқа қатысқандығымның өзі нағыз мерекеге айналды. Біз жай ғана өнер көрсетіп қана қоймай – бәріне күлкі сыйладық. Жарқын эмоциялар, көрермендердің қолдауы, сахна – осының бәрі менің естелігімде ұзақ уақыт қалатыны сөзсіз».
Қайсар Қалжанов, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інің электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі:
«Бәрі тамаша өтті! Ұйымдастырушыларға осы мерекені сыйлағандары үшін үлкен алғыс білдіремін. Бізге сенгендердің, қолдаушылардың, ұйымдастырушылардың бәріне үлкен рақмет. Біз нағыз команда болдық.
Иа, мүмкін, әділ қазылар алқасының мүшелеріне біз қалағандай әзілдің бәрі ұнамаған шығар, бірақ «Тепло» командасы – өз әріптестері мен жанкүйерлерінің көз алдында бәрібір жеңімпаз атанды. Көрермендердің қол шапалақтауы, залдың қолдауы, бірлік атмосферасы бұл – жеңістің нағыз мойындаушылығына жатады деп ойлаймын».
«АлЭС» АҚ КТК командасы – бұл тек жарық пен жылу ғана емес, сонымен қатар барлығына жететін шынайы достық пен энергия. Біз міндетті түрде – жаңа нөмірлермен, жаңа көңіл-күймен және жүрегіміздің бұрынғы ыстығымен қайтып келеміз.
КТК тірі! КТК жылытады! КТК – бұл да АлЭС! Келесі фестивальде кездескенге дейін – Кубок міндетті түрде біздікі болады!