Реттілік – әдет сияқты немесе Ақерке ұстанатын Тәртіптің қарапайым қағидалары
Мақалдап айтқанда: тазалық жиі сыпырылатын жерде емес, қоқыс тасталмайтын жерде болады. Бұл қалаға да, үйге де, жұмыс орнына да қатысты айтылатын нәрсе. Сондықтан өзінің жұмыс орнын реттілік пен тазалық жағдайында ұстау әр адамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Реттілікті ұстанудың қарапайым қағидаларын дағдыға айналдырып, сол бойынша жүрудің өзі көңіл-күйге оң әсерін тигізіп қана қоймай, жұмысқа деген ынтаны да арттырып, сол арқылы өнімділіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілетін болса, оларды орындаудың қиын еместігі сөзсіз. Және де егер бұл ұжымда әркімнің әдетіне айналатын болса, онда жұмыс күні ырғақты, өнімді, ең бастысы – жоспардағыдай болады, бұл энергетика сияқты өндірістер үшін өте маңызды.
Бұған Батыс жылу кешеніндегі Кадрлар секторының бас маманы Ақерке Иембергенованың сенімі мол. Минимализм мен тазалық жөніндегі идеялардан шабыт алған ол кеңседегі тәртіпті сақтауға қатысты өз әдістерін әзірледі. Шілде айында ол «АлЭС» АҚ-дағы әріптестерімен бірге «Таза Қазақстан» челленджіне қатысып, сол кезде еңбек күнін ұйымдастыруға қатысты өзінің жеке, бірақ өте қарапайым: «Жұмыс орнында реттілікті сақтау өнімділік пен жинақылықты арттырудың кілті болып табылады», – деген қағидаларын жариялады.
– Мен әрдайым және барлық жерде тазалықтың сақталуын жақтаймын. Бұл менің бойыма бала кезімде-ақ сіңірілген, өйткені анам «Тазалық әрқашан адамның өзінен, оның ортасынан басталады» деп айтып отыратын, – дейді Ақерке – Менің жұмыс орнымда реттілікті сақтаудың басты құралдарының бірі органайзер болып табылады. Мен ретсіздік пен көзге көрініп тұрған «шуға» жол бермеу, ешқандай нәрсенің көңілімді жұмыстан аудармауы үшін кеңсеге арналған арнайы органайзерлерді сатып аламын. Жұмыс үстеліндегі ретсіздіктен пайда болатын визуалды шу өнімділікті төмендетуі және стресске алып келуі мүмкін, сондықтан оны азайту өте маңызды.
Реттілікті дағдыға айналдыру үшін Ақерке пайдалсы бар бірнеше тәжірибені іске қосты.
– Менің оны әдетке айналдыруға қатысты бірнеше идеям бар, – дейді ол өз тәжірибесімен бөлісе отырып, – Бұл идеялар жұмыс орнын тұрақты түрде ұйымдастырып, қажетсіз заттардан арылып отыруды және жұмыс кеңістігін дұрыс жоспарлауды қамтиды.
Акерке өз тәжірибесі бойынша нәтиженің өте тез арада белгілі болатынын атап өтті: реттіліктің қарапайым қағидалары мүлтіксіз сақталған екі айдан кейін жұмыс үдерісін ұйымдастыруда да оң өзгерістер пайда болады. Жүйенің жұмыс істейтіні сөзсіз! Өзгерістерге тоқтала келе, ол олардың негізгілеріне: жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру оның жеке өнімділігін жақсартып қана қоймай, ұжымдағы жалпы көңіл күйге де оң әсерін тигізгеніне баса назар аударады.
Бұл жұмыс орнында тазалық пен реттілікті сақтаудың тек эстетика мәселесі ғана емес, сонымен қатар жоғары тиімділік пен эмоциялық жайлылықтың кепілі екенін де дәлелдейді, – деп қорытындылады маман.
Жұмыс күнін ұйымдастырудың мұндай тәсілі, адамның екінші табиғаты деп атауға келетін мінезі сияқты, оның әдетіне айналған. Оның үстіне, кез келген істе, тіпті жұмыс орнын ұйымдастыруда да, көрініп тұрған жетістіктің жұқпалы екенін есте сақтау маңызды! Сондықтан қолдаушылардың болатыны сөзсіз …