Қуаттылығы аз реттелетін қызметтердің тарифін өзгерту туралы хабарландыру
«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №81-ОД бұйрығымен 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін тариф бекітілгені туралы хабарлайды:
- бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдарды ұсыну бойынша 371,97 теңге/вагон-км (ҚҚС-сыз).
Тариф «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мынадай негіз бойынша бекітілген:
- ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы.