Қауіпсіздік мәдениеті – корпоративтік мәдениеттің бөлігі

Қауіпсіздік мәдениеті – корпоративтік мәдениеттің бөлігі

«АлЭС» АҚ қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі 22 инспекторы «Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша оқудан өтті

2022 жыл «Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобы үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды. Компаниялардың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерін, қауіпсіздік мәдениеті бойынша жоғары және орта буын басшыларын оқыту көзделген. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – Қордың әрбір қызметкері үшін күнделікті тапсырма.

«АлЭС» АҚ-да 2022 жылдың күзінде «Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі 22 инспектор оқытылды. Материалды жақсы игеру үшін екі топ ұйымдастырылды.

– Қауіпсіздік мәдениеті – бұл корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі, – дейді «АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев. – Қауіпсіздік мәдениеті белгіленген ережелерді бұзу әрекеттеріне ұжымдық иммунитетті болжайды. Бұл мәселеде инспекторлар құрамының жұмысы үлкен маңызға ие.

Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқын және оның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысуын ынталандырады.

– Тренинг-семинар қарқынды және серпінді өтті. Оқытушы, жоғары деңгейдегі маман «Successful Development Company» ЖШС материалды органикалық ұсынымда бере алды. Біз қауіпсіздік мәдениетінің жаңа жақтарын, өндірісте және өмірде қолдану тәсілдерін аштық, – деп бөлісті «АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова.

«АлЭС» АҚ-да еңбек қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Компания қызметкерлерінің жоғары қауіпсіздік мәдениеті мен тәуекелге бағдарланған ойлауы нәтижесінде нөлдік өндірістік жарақатқа әкеледі.