Қамқорлықтан туған тазалық
2025 жылғы 12 қыркүйекте «АлЭС» АҚ қызметкерлері экологиялық жауапкершілік – бұл ұран емес, күнделікті жұмыс және әркімнің жеке таңдауы екенін тағы да дәлелдеді. Бұл күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Райымбек даңғылынан Монке би көшесіне дейінгі жылу трассасының бойындағы аумақты тазарту бойынша экологиялық акция өтті.

Жақын маңдағы аудан тұрғындары бұл аумақты ретке келтіруді бірнеше мәрте сұраған болатын. Алайда учаскенің жағдайы мүшкіл еді: тұрмыстық қоқыс, ескі жиһаз, ТҚС қалдықтары және табиғатқа деген немқұрайдылықтың іздері анық байқалды. Бірақ немқұрайлылықтың ізі қалған жерде, біздің қызметкерлер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті.
Акцияға Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» ӨЖК, ОҚТО және Бас кеңсе қызметкерлерінен құралған 53 адам қатысты. Бірнеше сағат ішінде шамамен 4 шақырым аумақ тазартылып, 69 м³ қоқыс жиналды. Алайда ең бастысы – бұл сандар емес, адамдар мен олардың табиғатқа деген көзқарасы.

– Біз мұны болашақ ұрпағымыз үшін жасап жатырмыз. Себебі балаларымыз бен келешек ұрпағымыз таза әрі әдемі қалада өскендігін қалаймыз, – деп ойымен бөлісті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Айнель Құрманбаева.
– Әріптестеріңмен бірге тазалық жүргізгенде, бірліктің күші ерекше сезіледі. Мұндай сәттерде тазалық – бұл міндет қана емес, ол – мәдениет пен бір-бірімізге деген құрметтің бір бөлігі екендігін түсінесің, – деп атап өтті Каскад ГЭС өкілі, эколог Наталья Митусова.
Әркім өз жан дүниесінің бір бөлігін салды: біреулер қоқыс салынған қаптарды тартса, біреулер жерді сыпырап жатты, біреулер бұтақтарды жинап жатса, біреулер әріптестерін ізгі сөзбен қолдап тұрды. Осындай қарапайым, бірақ маңызды істерде ұжымның нағыз бірлігі мен күші қалыптасады.
«АлЭС» АҚ акцияға белсенді қатысқан барлық қызметкерлерге бейжай қарамай, үлес қосқандары үшін алғысын білдіреді. Сіздердің еңбектеріңіз – тек аумақты тазарту ғана емес. Бұл – табиғат пен туған қаламызға деген құрметті тәрбиелеуге қосқан зор үлес. Қолмен де, жүрекпен де жасалған тазалық – бұл Алматыны жарқырата түсетін, жылулықпен қатар сұлулық сыйлайтын нағыз қуат көзі.