Пальма қайда өседі? Алматы 2-ЖЭО-сында…
Турбиналардың тарсылынан, релелердің сарт-сұрт үнінен және құралдардағы жыпылықтаған сандардың арасында, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО станциясының дәл жүрегінде… бір пальма ағашы жайқалып тұр. Бұл нағыз пальма: биік, жасыл, жақсы күтім көрген. Техникалық күндердің арасынан жарыққа ұмтылып, ол – өмірдің, мейірімнің және осы жерге тән нәзік рухтың символы секілді.
– Мен станцияға осыдан 24 жыл бұрын келгенімде, – деп еске алады Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының өлшеу құралдары тобының шебері Талғат Жұмаділов, – пальма әлі кішкентай ғана болатын. Кім отырғызғанын білмейміз. Бірақ біз оны ұжымның бір мүшесіндей қабылдадық.

Содан бері пальма тек өсіп қана қоймай, топтың бойтұмарына айналды. Мұнда оның қасында оннан астам түрлі өсімдік бар: қалың шегіргүлдер, жарқын кливия, кең жапырақты филодендрон, тіреуге өрмелейтін традесканция, қыстың жақындағанын сезетін декабрист – барлығы шамамен 40 жасыл «әріптес». Әрбір жапырақ пен гүл – ұжымның жанкешті күтімінің жемісі.

Арнайы алғысымызды Самат Абжановқа айтықымыз келеді. 30 жылдық еңбек өтілі бар электр слесарь, ол мұнда өсімдік әлеміне жауапты бейресми жетекші ретінде танылған. Әріптестері әзілмен: егер өсімдіктердің төлқұжаты болса, «тұрақты күтім көрсететін адам» ретінде оның аты жазылатынын айтады. Ол өсімдіктерді жақсы түсінеді, яғни қайсысына тыңайтқыш қажет, қайсысын қашан және қайда көшіру керектігін, қайсысын қашан кесу керек екенін жақсы біледі. Әр гүлдің өзіндік тарихы бар.
Гүлдерді үйден әкеліп, сыйлап, осында қалдырады. Олар мұнда жай ғана бұрышта тұрмай, гүлдеп өсетініне сенеді – өйткені оларды шын жүректен жақсы көреді.
2-ЖЭО – бұл тек энергия көзі емес, сонымен қатар өмірдің барлық қырларын сақтай білетін адамдар мекені. Басқалар тек құрал-жабдықтар көретін жерде, мұнда жасыл желек пен мейірім әлемі өркен жайып жатыр.

Ал, бұрышта тұрған пальма – үнсіз болса да, осы әлемнің айқын символы.
Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=nHVfzMavLJk