Ордабаевтар отбасындағы қуаныш пен мерекенің құпиясы – дімләма
Көп балалы отбасыларда күнделікті қиындықтар орын алатыны сөзсіз, бірақ кішкентай нәрселерден қуанышты көру және жақсы өмір сүру өмірге деген құлшынысты одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз. Ш.Шөкин ат. Қапшағай ГЭС Ғимараттары мен гидроқұрылыстарды пайдалану цехының 4-разрядты сылақшы-суретшісі Ақтоты Ордабаева сүйікті ана және әйел. Наргиз, Сымбат, Толғанай, Жандос және Жасмин – бұл отбасындағы бақыт сыйлайтын есімдер. Үлкен қызы Наргиз 21 жаста, Алматы қаласында жұмыс істеп, әрі оқиды, отбасының жалпы бюджетіне өз үлесін қосады. Ең кішісі Жасмин небәрі 8 жаста және мектепте оқиды.
Ақтотының өміріндегі негізгі маңызды бөлшегінің бірі отбасыда дәмді тамақ дайындау болып табылады. Өйткені, бес баласы бар отбасында бәрінің талғамына қарай қандай тамақ жасауға болады? Жауабы қарапайым – ол дімләма!
Актота үшін дімләманы пісіру тек рахат қана сыйлап қоймайды, сонымен қатар отбасыға жылулығын шашып, махаббатын білдірудің бір тәсілі.
– Мен бұл тағамды дайындаған кезде біздің үйде бірден мереке болады! Көкөністер еттің сөліне бұқтырылып, одан да дәмдірек бола түседі. Ет жай отта бұқтырылып, дәмі тіл үйіреді. Бүкіл үйге хош иіс тарайды, – деп бөлісті Ақтоты.
Ақтотаның айтуынша, бұл тағам оның отбасына да қуаныш сыйлайды. Балалар мен күйеуі бұл хош иісті тағамды ерекше ұнатады. Ақтотының рецепті бойынша дімләманы дайындау процесінің өзі соншалықты қарапайым, тіпті қолың аса бос болмаса да, осы дәмді тағамды жасаудың жолы оп-оңай.
– Дімләманы дайындау өте қарапайым. Барлық өнімдерді шамамен бір етіп бөліктерге кесіп аласыз, оларды қазанға салып, қақпағын мықтап жауып, екі сағатқа қалдырасыз. Араластырмайсыз, қақпағын ашып, дәмін көрмейсіз – бәрі уақытымен өзі піседі. Дімләма өз сөлінде өзі дайындалады, күйіп кетпейді, нәтижесінде оңай жасалатын, бірақ дәмді тағам шығады, – деп кеңес береді Актоты.
Ақтоты Ордабаеваның отбасылық тәжірибесі дәмді кешкі ас дайындау қиын әрі көп еңбекті қажет етпейтінін дәлелдейді. Ортақ үстелге жиналып, отбасының әр мүшесі өз тәжірибелерімен, қуаныштарымен бөліседі және ойнап-күліп кешкі асты ішеді, ал отбасы мүшелерінің басын қосып тамақ ішудің өзі бір бақыт емес пе?!