Өзіңе қамқор бол – өмірде де, желіде де сақ бол!
Артқа
03.11.2025

Өзіңе қамқор бол – өмірде де, желіде де сақ бол!

2025 жылғы қазан айының соңында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО акт залында Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасымен және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен алдын алу семинары өтті.

Семинар жұмысына өндірістік департаменттер директорларының орынбасарлары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары, кадр қызметінің мамандары және «Жарқын Болашақ» жастар бірлестігінің өкілдері қатысты.

Полиция майоры, Алматы қаласы ПД ЕБҚІБ аға жедел уәкілі Сұлушаш Досболова «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізіп, психикалық белсенді заттарды қолдануға тарту, әлеуметтік тәуекелдер және олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Алматы қаласы ПД КАҚІБ жедел уәкілі Бекназар Шахмерден интернет-алаяқтықтың заманауи тәсілдері, әлеуметтік инженерия әдістері, киберқауіпсіздік ережелері және дербес деректерді қорғау шаралары туралы айтып, «Кибер алаяқтықтың алдын алу» атты баяндама жасады.

Қатысушылар қызметкерлерді ақпараттандыру және жұмыскерлер арасында жауапты мінез-құлықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Қауіпсіздік басқармасының тапсырмасына сәйкес іс-шараға қатысқандар алынған мәліметтерді өз бөлімшелерінің қызметкерлеріне жеткізуге міндетті.

Мұндай профилактикалық кездесулерді өткізу жұмыскерлердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мен жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде корпоративтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.