Өткен шақ пен келешектің энергиясы
Артқа
01.08.2025

Өткен шақ пен келешектің энергиясы

Тарих тілдеседі! Біз Instagram-да «Өміршең мұра» атты жаңа айдарды ұсынуға қуаныштымыз, онда мұрағат фотосуреттері бізбен үнсіз тілдесіп, Алматы энергетикасының пайда болған кезеңіне саяхатқа шақырады.

Жаңа айдарымыздың алғашқы жарияланымы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО мұрағатынан алынған бірегей кадрға арналады. Фотосуретте Орталық электр станцияда (ОЭС – бұрын ЖЭО солай аталатын) бірінші айналым сорғысын орнату сәті сақталған, 1934 жыл.

Мұрағаттағы фотосуреттер – бұл өткеннің естелігі. Олар энергетика саласының бастауында тұрған адамдардың шынайы көзқарасы мен жүздерін, сол кездің тынысын сақтаған. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың көмегімен тарихи сәттерге жан бітіре аламыз: станцияның атмосферасын сезіп, әр бөлшекке ден қоя және тарихқа көз жүгірте аламыз.

Әрбір жанданған кадр – бұл естелік қана емес, сонымен бірге біз өмір сұріп жатқан болашақты өз қолымен жасағандарға тағзым. Өткенді құрметпен жандандыру арқылы біз жаңа жетістіктер мен жаңалықтарға ынталандыратын шабыт аламыз!

Бейнені қараңызhttps://www.youtube.com/watch?v=pe5PbHP–vY