«Өркен жайып келе жатқан энергия»: «АлЭС» жұмыскерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Артқа
20.10.2025

«Өркен жайып келе жатқан энергия»: «АлЭС» жұмыскерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

3-ЖЭО және ОҚТО аумағында жаңа жасыл аймақ пайда болды – компания жұмыскерлері жалпыұлттық экологиялық «Таза Қазақстан» науқаны аясында ағаш отырғызды. 3-ЖЭО және ОҚТО аумағына 600 ағаш отырғызылды.

Бұл акция экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар әр қатысушының Алматы қаласының таза да жасыл болашағына қосқан жеке үлесі де болды.

– Біз қаланы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеміз, бірақ жеріміздің жылуын сақтау – дәл сол сияқты маңызды нәрсе. «Таза Қазақстан» акциясы әрқайсымыздың табиғат үшін маңызды іс атқара алатынымызды сезінуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Олжас Әбіл.

Отырғызу үшін өңірдің климатына және өнеркәсіптік жағдайларға төзімді жапырақты ағаш түрлері таңдалды. Жаңа көшеттер станция жанынан тамыр жайып, экологияға деген қамқорлықтың символына айналатын жасыл белдеуді түзеді.

– Жас шыбықты қолыңызда ұстап тұрған сәтте ерекше жауапкершілікті сезінеді екенсіз. Бұл болашаққа – таза ауаға, әдемі қалаға және салауатты өмірге деген тірі үміт сияқты, – деп ой бөлісті 3-ЖЭО Директоры Абзал Жақыпбаев.

«Таза Қазақстан» акциясы «АлЭС» АҚ-да табиғатты аялаудың жай ғана ресми шара емес, күнделікті атқарылатын жұмыс екенінің тағы бір дәлелі болды.

Компания табиғатты қорғау бағдарламаларын жүйелі түрде дамытып, өз алаңдарын абаттандырып, шығарындыларды азайтып және экологиялық бастамаларды қолдап келеді.

– Бүгін отырғызылған әрбір ағаш – болашақта ол жерде таза ауа мен жасыл көшелер арман емес, қалыпты өмір салтына айналғанәлемді орнатуға қосылған үлес болсын. Барлығы қарапайым қадамнан басталады, – деді 3-ЖЭО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Светлана Ермолина.

Отырғызылған ағаштар ендігі жерде станцияның тірі тарихының бір бөлігіне айналып, еңбек энергиясы мен өмір энергиясының қатар өсіп, бірге өркендей алатынын бейнелейтін символ болмақ.