Өндірістегі ақылды каскалар: жарақаттан нөлдік көрсеткішке жасалған қадам
Артқа
04.07.2025

Өндірістегі ақылды каскалар: жарақаттан нөлдік көрсеткішке жасалған қадам

«АлЭС» АҚ қауіпсіздікке басымдық береді. Компания бұл бағытта жаңа технологияларға, адамға деген ілтипатқа және жүйелі еңбек қорғау тәсілдеріне сүйенеді. Осындай бастамалардың бірі ретінде компанияның өндірістік департаменттерінде 12 «ақылды касканы» енгізу жүзеге асырылды.

Бұл каскалар – жай ғана қорғаныс құралдары емес, толыққанды технологиялық жүйе. Олар бейнекамерамен жабдықталып, нақты уақытта жұмыс процесін бақылауға жол ашады. Осы құрылғылар арқылы қызметкерлердің әрекеттері жазылады, кіру рұқсаты тексеріледі, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің орындалуы мен жұмысшылардың тәртібі бақыланады.

– Біз осы касканы қолдана отырып жұмыс істейміз. Әрбір тексеріс пен ауысым жазылып, қаралып, талданады, – деп атап өтті станцияның Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Александр Чукалин.

– Біз мақсатты нұсқаулықтардың қалай жүргізілетінін, рұқсат беру тәртібінің қалай орындалатынын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын нақты көре аламыз. Бұл тек қадағалау емес, сонымен қатар қауіптің алдын алуға көмектеседі, – деп бөлісті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО ТҚжӨҚжөніндегі аға инспекторы Наргиз Тавбаева.

Осындай каскаларды енгізу идеясы «Самұқ-Энерго» АҚ компаниялар тобының нөлдік жарақаттануға жету жоспары аясында қолдау тапты. Алайда ең бастысы – техника емес, қауіпсіздік үшін жауапкершілікті әрқайсымыздың өзімізден басталатынын түсінетін адамдар.

«Ақылды каскалар» өз тиімділігін дәлелдеді.Олар әлсіз жақтарды анықтап, қызметкерлерді оқытуға, тәртіпті арттыруға және ең маңыздысы – адамдардың өмірін қорғауға септігін тигізеді. Бұл тек формальды бақылау емес, шынайы қамқорлықтың құралы. Видеоларды қарап, талдап, пікірлесуге болады. Бұрын нақты уақытта алу қиын болған кері байланыс қалыптасады.

Компанияда мониторингпен жедел әрекет ету жүйесі де іске қосылды: каскалар Орталық бақылау пунктіне байланыстырылған, мұнда мамандар жағдайды дереу бақылап, тәуекелдер анықталған жағдайда тиісті шара қолдана алады.

Бұл – қауіпсіздік міндеттелмей, қалыпты жағдайға айналатын орта құру үшін атқарылып жатқан үлкен жұмыстың бір бөлшегі. Мұнда әрбір қызметкер өзінің еңбегінің қорғалатынын біледі. Ережелерге деген құрмет – бұл өмірге деген құрмет.

«АлЭС» АҚ нөлдік жарақаттану – бұл ұран емес, қол жетімді мақсат екеніне сенімді. Бұл жолдағы жасаланып жатқан әрбір қадам өте маңызды.