Өмірлік тәжірибесі өнеге болар тұлға
Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-ініңұжымы Автокөлік учаскесінің 5-разрядты автогидрокөтергіш машинисі Талғат Әділханұлы Қаленовты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мерейтой иесінің өмір жолы – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және өз ісіне деген шынайы адалдықтың айқын үлгісі.
Талғат Әділханұлы 1965 жылы 6 қыркүйекте Семей облысы Аягөз ауданына қарасты Түркістан ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепті тәмамдаған соң, Талдықорған АШКТ техникумына оқуға түседі. 1983-1985 жылдары Германия Демократиялық Республикасында (ГДР) әскери борышын өтейді. 1987 жылы техникумды аяқтап, кәсіби өміріне жол ашқан мамандық иесі атанады.
1990 жылы ол өз отбасын құрып, екі бала тәрбиелеп өсірді. 2002-2010 жылдар аралығында келісімшарт негізінде әскери қызмет атқарып, елдің дамуы мен қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуды жалғастырды.
2023 жылдан бастап Талғат Әділханұлы Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымында қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол өзін мамандандырылған техниканы пайдалануға жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі және сенімді қызметкер ретінде көрсетті. Ол мұқияттылығымен, ұқыптылығымен және жұмыста жоғары стандарттарға деген ұмтылысымен ерекшеленеді.
Әріптестері оның ең қымбат қасиеті, яғни адамдарға деген құрметімен әрдайым көмек қол ұшын созуға дайын екендігін ерекше атап өтеді. Өз кезегінде Талғат Әділханұлы ұжымдағы тұрақтылықты, қолдау мен достық атмосферасын, сондай-ақ әрбір станция қызметкерінің атқаратын жұмыстарының маңыздылығын бағалайтынын атап өтті.
Бүгін мерейтой иесі Қапшағай ГЭС-інде еңбек жолын зейнеткерлікке шыққанға дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның өмірлік және кәсіби жолы – жас қызметкерлерге лайықты үлгі болып табылады.
Станция ұжымы Талғат Әділханұлын 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық және одан әрі табыстар тілейді!