Наурыздың тәтті жылуы: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді
Наурыз – көктемгі жаңару мен бірлік мерекесі қарсаңында – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да ерекше жандану орнады. Мұнда тек жәрмеңке ғана емес, жаңа піскен кондитерлік өнімдердің хош иісі жүректің жылуымен араласқан нағыз жан шуақты мереке өтті. Станция ұжымы Наурыз дәстүрін әріптесіне көмектесу мүмкіндігіне айналдырып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Үстелдер дәмге толды: ыстық сары бауырсақтар, қызғылт шелпектер, үлпілдек торттар және қытырлақ чак-чак. Жанында жұмыскерлер ерекше көңілмен дайындаған әртүрлі құрттар мен шығыс тәттілері тұр. Әр тағам тек аспаздық шедеврге ғана емес, сонымен қатар қамқорлықтың символына айналды.
– Бұл жәрмеңкеден артық – бұл біздің игі іске қосқан үлесіміз. Бүгінгі мерекені жақын адамымызға қол ұшын берумен ұштастырғанымыз қандай керемет! – деп бөлісті турбиналық цехтың өндірістік учаскесінің шебері Гүлнұр Мұқажанова, ол өз қолынан он шақты түрлі тәбет ашар тағамдар дайындап әкелген.
Станция қызметкерлері тәттілерді қуана-қуана сатып алды, ал қайырымдылық қоржынындағы ақша сылдыры құлаққа музыка сияқты естілді. Барлық түскен қаражат станцияның қазандық цехының аға шебері Елдар Құлмұхамбетовтың емделуіне берілді, оның басына түскен жағдайға әріптестері бейжай қарай алмады.
– Елдардың жағдайы туралы білгенде, тіпті күмәнданбадық: Наурыз – ғажайыптар уақыты, ал біз оның бір бөлігі бола аламыз, – деп атап өтті ӨТБ метрология жөніндегі инженері Адия Сәрсекова.
Жәрмеңке тек қаражат жинау ғана емес, сонымен бірге бірлестік сәті болды. Сыңғырлаған күлкі, рецепттермен бөлісу, мереке жоспарлары туралы әңгімелер гулеп тұр. Әдетте қазандықтармен, турбиналармен немесе құжаттармен айналысатындар да бір сәтке әрқайсысы маңызды орын алатын бір үлкен отбасына айналды.
– Бұл Наурыз ұзақ уақыт есте қалады! Біз жай ғана көктемді қарсы алған жоқпыз – біз оған мұқтаж адамға бір сәт жылу сыйладық, – деді, қолында хош иісті чак-чак салынған қапты ұстаған Шынар Сәкенова.
Бұл жердегі көктем мерекесі: Наурыз – тек би билеу мен дәмді дастархан ғана емес екенін еске салды. Бұл мейірімділік іс-әрекетке айналатын уақыт, ал дәстүр – адамдар арасындағы алтын көпір. Ата-бабаларымыз айтып кеткендей: «Бірлікте – берекет бар».
Бұл жәрмеңкенің жомарттығы – жаңа, жарқын жылдың басталуы және кішке ғана істің үлкен әлемге жылу бере алатынын еске салуы болсын.