Наурыз жылуы: «АлЭС» АҚ қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады
Көктемгі Наурыз мерекесінде табиғат оянып, ал жүректер жарыққа толған кезде «АлЭС» АҚ қызметкерлері «Тұсаукесер» республикалық қайырымдылық науқанына қосылды. Олар Бәйдібек би ауылында орналасқан Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасындағы балаларға тек сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жылулық пен жақсылыққа деген сенімнің бір бөлігін сыйлады.
Наурыз жылуы мен «Тұсаукесер» дәстүрі бүкіл еліміз бойынша мыңдаған жүректерді біріктірді. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылған оңалту орталықтарындағы науқан аясында кешенді оңалтудан өткен түрлі диагнозы бар 65 бала өздерінің алғашқы дербес қадамдарын жасады.
«Тұсаукесер» салт-дәстүріне, яғни ала жіпті кесуге қазақ мәдениетінде бұрыннан ерекше мән берілген. Бұл салт-дәстүр өзіндік жолдың басталуын білдіреді және бұл жолы оны Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС директоры Әлібек Тастанбеков жүргізді.
– Мен үшін бұл жай ғана дәстүрлі ишарат емес, – деп бөлісті ол. – Мен әрбір кескен жіптен үміт көріп отырдым. Бұл дегеніміз – болашақта балаларымыздың бастарынан өтетін қиындықтарына қарамастан өздеріне деген қолдау болатындығына және сенімді түрде алға жылжи алатындығына деген үміт. Бұл өмір жолына берілген бата сияқты.
Оның айтылған сөздері залдағы жиналған балалардың, олардың ата-аналары мен аурухана қызметкерлерінің арасындағы орнаған бірлік атмосферасының құрылғандығын көрсетті. Осы әсерлі сәтке куә болу үшін көктемнің өзі де терезеден қараған сияқты.
Балаларға берілген ойыншықтары бар жарқын қораптар және балаларға арналған жүріс арбалары – көрсетілген қамқорлықтың сыртқы көрінісі ғана болады. Ал, ең басты сыйлық ол –балаларға деген көңіл бөлушілік болды.
– Олардың көздері – ұзақ қыстан кейін түскен алғашқы күн сәулесі сиақты жарқырап тұрды, – деді науқанға қатысушылардың бірі. – Балалардың бұл күлімсіреулерінен біз оттан да артық жанды жылытатын ризашылықтарын көріп отырдық.
Еңбекшіқазақ КБОАА қызметкерлерінің атына ерекше алғыс сөздер айтылды. Олардың еңбегі – мейірімділіктің күнделікті ерлігі.
– Сіздер жай ғана аурухана емес, сонымен қатар балалар өздерін қауіпсіз сезінетін үй құрып жатырсыздар, – деді Әлібек Тастанбеков. – Сіздердің іске деген адалдықтарыңыз бәрімізді шабыттандыруда.
Орталық қызметкерлері, өз кезегінде, мұндай өтетін науқандар – таудағы таза ауаны жұту сияқты екенін атап өтті. Олар адамдардың тек бірлесіп әрекет еткенде ғана мейірімділіктің көбейетіндігін еске салды.
Кездесу аяқталғаннан кейін, қонақтар жеңіл жүрекпен үйлеріне кайта бастады. Олар өздерімен бірге балалардың тек күлімсіреулері туралы естеліктерді ғана емес, сонымен бірге тіпті кішкентай ишарат та үлкен өзгерістердің бастауы болуы мүмкін деген түсінікті де алып кетті.
– Наурыз бізге өркендеуді тек шағын жанданудан кейін ғана басталатындығын үйретеді, – деп қорытындылады Қапшағай ГЭС директоры. – Мейірімділіктің дәнін отырғызсаң, бір күні ол ағашқа айналады, ал оның астында жүздеген жүректер баспана табады. Егер біздің әрқайсымыз бір күнді осындайға арнасақ, яғни балаларды құшақтап, ауырғандарды рухани қолдап, шын жүректен «көріскенше» деп айтсақ, онда әлем жаңа бояулармен жарқыр еді.
«Тұсаукесер» науқаны дәстүрлер ішіндегі жай ғана әдет-ғұрып еместігінің айғағы болды. Үміт сыйлауға дайын адамдар көп болған сайын, адамдардың жан дүниесіндегі көктем мәңгілікке созылады.
P.S. Еске сала кетсек, оңалту орталықтары «Samruk-Kazyna Trust», «Қамқорлық қоры» және «Қазақстан халқына» қорларының бірлескен күш-жігерінің арқасында құрылған.