НАҚТЫ НҰСҚАУЛАР БЕРІЛГЕН
Нұрлан Мұхамед-РАХИМОВ,
«АлЭС»АҚ Басқарма Төрағасы
Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауы-қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне сәйкес еліміздің тұрақты дамуының жарқын айғағы. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басталғанын жариялады, оның негізі инфрақұрылымдық даму жоспары болмақ. Бұл инвестициялар мен жұмыс көлемі бойынша да, бағыттар бойынша да ауқымды бағдарлама. Мемлекет басшысы индустриялық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Еліміз үшін энергетикалық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл өте маңызды, өйткені кез-келген маңызды істі ойдағыдай орындау үшін нақты нұсқаулық болуы керек.
Біз энергетикадағы күрделі міндеттерді ескере отырып, бізге де үлкен жұмыс күтіп тұрғанын түсінеміз. АлЭС қазірдің өзінде елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін үлкен инвестициялық жобаларды іске асыруда. Мәселен, тек ағымдағы жылдың инвестициялық бағдарламасы 16 млрд. теңгеден асады.
Біздің компания қазір өз міндетін халық көшбасшысының әрбір қызметкер үшін кезекті жолдауын жеткізу, өз орнын және ол белгілеген жоспарды іске асырудағы рөлін бірге айқындау деп санайды. «АлЭС» АҚ шаруашылық қызметінің стратегиялық мақсаты ұзақ мерзімді перспективада Алматы мен Алматы өңірін энергиямен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін жақсарту болып табылады. 2015-2017 жылдарға «АлЭС» АҚ бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлады. Бұл № 8 қазандық агрегатын және жылу желілері үшін жаңа коллекторлық қондырғыны салу мен пайдалануға беруді көздейтін Алматы ЖЭО-2-ні қайта жаңарту және кеңейту. Бұл жобалар Алматыны жылумен жабдықтау мәселесін кешенді шешу және Алматының орталық бөлігін, сондай-ақ «Универсиада-2017″нысандарын жылумен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Қолданыстағы активтерді қайта жаңарту және жаңғырту жоспарлануда.